USD 511.22
EUR 540.05
RUB 4.73
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Талдықорғанда карантин уақытында қыдырған шенеуніктер жазалана ма?

  • 16.наурыз.2021, 15:43,
  • 309

Желіде карантин кезінде караоке-барда жүрген Талдықорған әкімдігі қызметкерлерінің видеосы пайда болғаннан кейін тәртіптік комиссия бөлімнің бір басшысын жұмыстан шығарып, қала әкімі орынбасарын жазалауды ұсынды. Бұл  туралы Талдықорған әкімдігінің баспасөз қызметі де растады. 

Талдықорғанда қызметтік тергеу жүргізілді.

"2021 жыл 13 наурызда блогер Абдрахмановтың taldykorganec.insta-парақшасында жариялаған видео негізінде "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің бірыңғай тәртіптік комиссиясы Талдықорған қаласының әкімі Ержан Жасыбаевқа:

1. Талдықорған әкімінің орынбасары С.А.Арзанбековқа жүктелген функционалдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолдануды;

2. Талдықорған құрылыс бөлімінің басшысы М.А.Нұрғалиевті қызметінен босатуды;

3. Талдықорған қаласы Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Н.А.Қалиахметовке жүктелген функционалдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін толық емес қызметтік сәйкестік түріндегі тәртіптік жаза қолдануды ұсынды.

Талдықорған қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының орынбасарына тәртіптік жаза қарастырылмаған", - делінген әкімдіктің Instagram-парақшасында.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі Талдықорған әкімінің өкімімен әкімнің орынбасары Арзанбекова қатаң сөгіс түрінде, Талдықорған әкімі аппаратының басшысы Такебаевқа сөгіс түрінде, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қалиахметов қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.

Талдықорған қаласының құрылыс бөлімінің басшысы Нұрғалиев қызметінен босатылды.

Бұған дейін желіде Талдықорған әкімдігінің қызметкерлері карантин шарасын бұзып караоке-барда жүрген видео жарияланғаны хабарланған еді. Видео авторы караоке-бар жанында әкімдік қызметкерлерін бірнеше сағат бойы бақылап отырғанын айтты. Ол ТКШ қызметкері мас күйінде көлікке отырғанын және әйеліне қол көтергенін мәлімдіеді. Оның айтуынша, видеода қала әкімінің орынбасары да болған.



#Талдықорған #шенеунік #видео #караоке-бар #карантин #жаза 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
26.02.2021
17.02.2021
07.12.2020
06.10.2020
21.09.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031