USD 530.15
EUR 617.47
RUB 6.64
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Текеліде жаңа әкім

  • 21.қыркүйек.2020, 17:10,
  • 500

Батыр Молдахметов Текелі әкімі болып тағайындалды.

Батыр Қайыркенұлы Молдахметов 1978 жылы Алматы қаласында туған. 1999 жылы Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін "Инженер-педагог" мамандығы бойынша бітірген, 2003 жылы Қонаев атындағы университетін "Заңтану" мамандығы бойынша, 2007 жылы Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті "Құрылыс" мамандығы бойынша тәмамдаған.

2000-2001 жылдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет өткерген.

Еңбек жолын 1999 жылы Талдықорған қаласының политехникалық колледжінде өндірістік оқыту шебері болып бастаған. Алматы облысы әкімі орынбасарының кеңесшісі, Алматы облысы әкімі аппаратының бас маманы-облыс әкімі бірінші орынбасарының көмекшісі, Алматы облысы әкімі бірінші орынбасарының көмекшісі, Панфилов ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облыстық құрылыс басқармасы бастығының орынбасары, Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары, Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысы болып қызмет еткен.

2018 жылдың қаңтар айынан бері Текелі қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Бұған дейін қала әкімдігін Бақтияр Өнербаев басқарған еді. Ол қоластындағы қызметкері жемқорлық үшін сотталғаннан кейін қызметінен кеткен болатын. 



#текелі #әкім #жаңа 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
08.09.2020
12.08.2020
08.08.2020
30.07.2020
22.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031