"Саяси басшылардың отставкасы туралы. Заңнама нормалары енгізілген сәттен бастап жеті лауазымды тұлға қызметінен босатылды, 10 әкім әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп еске салды Биғайдаров.
Оның айтуынша, мұндай фактілердің соңғысы Ақмола облысында болған, орынбасарына қатысты сот үкімін күтпестен, Аршалы ауданының әкімі қызметінен өз еркімен кетті. 12 ақпанда бұл отставка қабылданды.
Тергеуші қол астындағылардың сыбайлас жемқорлық әрекеттері мен профилактикалық жұмыстардың әлсіз жүргізілгені үшін 54 топ-менеджердің тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын айтты.
"Оның 48-і әкімшілік қызметкерлер, алтауы квазимемлекеттік сектордың топ-менеджерлері, олардың 13-і қызметінен айырылды. Жалпы, қазіргі уақытта 71 менеджер қадағалауға алынған, оның ішінде 15 саяси мемлекеттік қызметкер, 47 әкімшілік және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің 9 топ-менеджері бар", - деді Айырықша маңызды істер бойынша тергеуші.