Өз сөзінде Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Райхан Братаева "Б" корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізбей-ақ, ауысу тәртібімен орналасудың негізгі ережелерін атап өтті. Оның айтуынша, мемлекеттік қызметшінің бір лауазымдағы өтілі кем дегенде екі жыл немесе одан артық мерзімді құраса, сол мемлекеттік органның ішінде тең дәрежелі лауазымға, не болмаса одан бір деңгей жоғары тұрған лауазымға ауысу тәртібімен орналаса алады.
Бұл ретте, мемлекеттік қызметшінің қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны немесе мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін шешілмеген тәртіптік жазасы болған жағдайда, оның жоғарыда көрсетілген лауазымдарға ауысу тәртібімен орналасуына жол берілмейді.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерге ротация жүргізу мерзімі мен қағидаларына, ротацияға жіберілетін мемлекеттік қызметшілердің санаттары мен лауазымдарына, "А" және "Б" корпустарының мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілеріне ротация жүргізу тәртібіне, ротация мерзімін ұзарту және оны қабылдаудан бас тарту жағдайларына қатысты түсініктемелер берілді.
(с) Жазира Тоқтар, ҚР МҚІА Ақмола облыстық департаментінің баспасөз хатшысы
#тағайындау #ауыстүйіс #кадрлықөзгеріс #мемлекеттікқызметкер