USD 498.55
EUR 524.28
RUB 4.75
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Екі лауазымды тұлға жауапқа тартылды

  • 17.ақпан.2021, 19:20,
  • 309

Тараз әкімі мен Қарағанды әкімінің міндетін атқарушы әкімшілік жауапқа тартылды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде өткен брифингте ведомствоның баспасөз хатшысы Ерхан Тәткен мәлімдеді. 

Тараз басшысы Айтқазы Қарабалаев пен 2020 жылдың желтоқсанында Қарағанды әкімінің міндетін атқарған Сәбит Оспанов әкімшілік жауапқа тартылды. Қарағанды әкімі Ермағанбет Бөлекпаев бұл кезеңде жұмыста болмағаны атап өтілді. Шенеуніктер мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартқаны үшін жазаланды.


Тараз әкімімен бірге оның қол астындағылар да жауапқа тартылды.


"Мысалы, Р.Исмазовтың 11.06.2020 жылғы өтініші негізінде агенттіктің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті Тараз қаласы әкімінің аппаратында жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Жүргізілген жұмыс нәтижесінде Тараз әкімі А. Қарабалаевқа мемлекеттік қызмет көрсетуден (рұқсат құжатын беру) негізсіз бас тартқаны үшін, Тараз жер қатынастары бөлімінің басшысы Б. Башанов пен қаланың сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы А. Бөбеевке мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, жалпы сомасы 152 790 теңге айыппұл салынды", - делінген хабарламада.


Сондай-ақ, 2020 жылы мемлекеттік қызметтерді сапасыз көрсеткені үшін жазаланғандар:

  • Алты аудан және қала әкімі (Алматы облысы-Үштөбе, Талғар, Жаркент қалалары;
  • Атырау облысы-Құлсары қаласы; ШҚО-Алтай, Тарбағатай аудандары);
  • 29 ауылдық округ әкімі;
  • 17 облыстық басқарма басшылары (жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, қалалық жоспарлау және урбандалу, мәдениет, денсаулық сақтау, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы, жер қатынастары басқармасы);
  • 47 жер қатынастары бөлім басшысы;
  • Сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің 34 басшысы;
  • Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің төрт басшысы;
  • Аудан әкімдіктерінің 12 лауазымды тұлғасы.

Мемлекет бюджетіне айыппұл түрінде 10,5 миллион теңге кіріс өндірілді.


#қарағанды #тараз #мемлекеттікқызметкер #айыппұл #әкім

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
29.01.2021
08.09.2020
12.08.2020
03.12.2019
03.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930