Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаровқа қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін бірқатар себеп бойынша қатаң сөгіс жарияланды. Олардың ішінде COVID-19-ға қарсы күрес бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларды іске асырудағы, жұқтырған медицина қызметкерлеріне әлеуметтік жеңілдіктер ұйымдастырудағы, сондай-ақ төтенше жағдай кезінде өңірдің медициналық мекемелерін жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етудегі кемшіліктер бар.
#атырау #нұрлыбекқабдықапаров #медицина #отставка