Нұр-Сұлтанда көп балалы аналар "үнсіз" наразылық акциясын ұйымдастырды
Asem Muhitova
Елордалық көп балалы аналар маусым 8 күні наразылық акциясын ұйымдастырды. Олар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кіреберісінде түнеп шықты. Наразылық білдірушілер келесідей талаптардың орындалуын қалады:
- мұқтаж азаматтардың несиесі кешірілсін;
- әр балаға 21 мың теңге көлеміндегі жәрдемақы берілсін;
- вакцинация ерікті түрде өткізілсін;
- мүгедек балаларға баспана берілсін және т.б.
Олардың айтуынша, жергілікті атқарушы органдардан басқа ешкім келіп, мәселені шешуге талпынбаған.
Желіде дезинфекциялық киім киген арнайы жасақ шығып, митингке шыққан аналарды күштеп алып кеткені бейнеленген видео тарады. Кейін сот наразы әйелдердің бірнешеуін "қоғамдық тәртіпті бұзды, карантин ережесін сақтамады" деп айыппұлмен жазалады.
Тоқаев құқық қорғаушылардың наразылығын тудырған заңға қол қойды
25 мамыр күні Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заңға өзгерістер енгізген еді. Халықаралық Human Rights Watch секілді ұйымдар түзетулердең бұрыңғы заңға еш жаңашылдық алып келмеді, елде еркіндік әлі де жоқ екендігін байқады. Ал халықаралық Diplomat басылымы бұл заңды сылап-сипау әрекетімен теңестірді.
Мақтааралды басқан топан су мәселесі жауапсыз қалды
Dilara Issa
1 мамыр күні Өзбекстанның Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып, бірнеше аймақты су басты. Апат салдары Түркістан облысының Мақтаарал аудан ауылдарына да тиді. Шекара маңындағы 14 елді мекен зардап шегіп, 30 мыңдай адам эвакуацияланды.
Зардап шеккен Жеңіс ауылының тұрғындары жергілікті билік апаттың болуы мүмкіндігін біліп, халықты ескертпегеніне наразы. Ал уәде етілген өтемақы тұрғындардың барлығына бірдей берілмеген екен. Диқандар болса 4,1 млрд теңге көлемінде шығынға батқан.
Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі Өзбекстан өкілдерін су басу туралы ақпараттың кеш әрі толық түрде жеткізілмегені үшін айыптады. Министрдің орынбасары Сергей Громов Қазақстан шығымның орнын толтыруға талап ете алатынын мәлімдеген. Бөгет Қазақстанмен мақұлданбай құрылғанын да атап өтті.
Алайда Өзбекстан атына әзірленген наразылық нотасы ақыры жіберілмеді. Бұл шешім екі ел басшысы бірлесіп жұмыс істеуге келіскеннен кейін қабылданды.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық деректері күрт өсті
Ашық дереккөз
Сақтық шаралары аясында әлемнің бірқатар елінде карантин режимі енгізіліп, азаматтарға үйлерінен шығуға тыйым салынды. Жарымен төрт қабырғада жалғыз қалған әйелдер физикалық және сексуалды тұрғыдан зорлық деректері көбейді. Бұл туралы әйел құқығын қорғайтын ұйымдар статистикасы мәлімдейді.
Карантин режимін ең алғашқы болып енгізген Қытай аймақтарында тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткіші екі-үш есеге өсті. Париждік әйелдердің қоңыраулар саны 36%-ға, Францияның басқа қалаларында 32%-ға өскені байқалды. Көмекке жүгінген әйелдердің саны елімізде де артқанын "Кризистік орталықтар одағы" ЗТБ-ның төрағасы Зульфия Байсакова растады.
Владимир Путиннің президенттік мерзімі ұзартылуы мүмкін
РФ Конституциялық соты Владимир Путиннің президенттік мерзімін "нөлдеп", келер сайлауға қатысуға мүмкіндік беретін өзгертуді мақұлдады. Бұл өзертуді алғашқы болып "Единая Россия" партиясының депутаты Валентина Терешкова ұсынған еді. Ресей президенті өз кезегінде аталмыш ұсыныспен келісіп, түзетулер енгізу туралы заңға қол қойды.
Осылайша Владимир Путин өзінің президенттік статусын 2036 жылға дейін сақтай алады.
АҚШ президенттік сайлауға араласқан Ресейге қатысты айыптауларын кері қайтарды
Kevin Lamarque/Reuters
АҚШ Әділет министрлігі 2016 жылы өткен президент сайлауына араласқан ресейлік компанияларға қатысты айыптарын кері қайтарды. Осыған дейін сайлау ісіне жауапты болып Федералдық тергеу бюросының экс-директоры Роберт Мюллер тағайындалған еді.
Іс бойынша Владимир Путинге қатысы бар "Конкорд Менеджмент и Консалтинг" пен "Конкорд Кейтеринг" компанияларына айып тағылды. Олар әлеуметтік желі арқылы Дональд Трамптың қарсыласы Хилари Клинтон туралы жалған ақпарат таратты деп хабарланған еді.
51 мұсылманды атқан лаңкес өз кінәсін мойындады
Reuters
Жаңа Зеландиялық Брентон Таррант Жұма намазы кезінде дұға еткен 51 мұсылманды атып өлтіргенін мойындады. Ел тарихында бірінші қанды лаңкестік шабуылды ұйымдастырушы өмір бойы бас бостандығынан айрылды. 29 жастағы Таррант атыс барысын Facebook-тегі парақшасында тікелей эфирде көрсеткен еді.
Өткен жылдың 15 наурыз оқиғасы нәтижесінде қару-жарақтың реформасына, желідегі лаңкесттік экстремисттік контенттің жоюына әкелді.