USD 498.51
EUR 522.84
RUB 4.81
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

АҚШ COVID-19 басқа ауыр кезеңнен өтуде

  • 30.мамыр.2020, 16:00,
  • 402

Американың бірнеше аймақ халқы бір жұдырықтай жұмылды, эстрада жұлдыздары әділдік пен адамгершілікке шақыруда. Бұл кезекті коронавирус ісіне қатысты жайт емес, мәселе тәртіп сақшыларының адам құқығын бұзуда. 

25 мамыр күні Миннеаполис қаласының полиция қызметкерлері Джордж Флойд есімді азаматты отырған көлігінен тұтқындап алды. Қолкісен тағып, полиция көлігіне қарай беттеді. Флойд дүкенде жалған 20 долларлық ақшаны қолданды деп айыпталды.


 NY Daily News

Көшенің ар жағында орналасқан көлікке барар жолда не болғаны және не талқыланғаны белгісіз. Кейін келген полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларына оқиға орнын анық түсіруге мүмкіндік бермеді.


Алайда желіде қара нәсілді күдіктінің өмірінің соңғы минуттары бейнеленген видео тарады. Офицер Дерек Шовен тізесімен Флойдтың мойнын басқан еді. Сот медициналық сараптама есебінде азамат бұндай күйде сегіз минут бойы бетімен жерге қысылды. Оның үш минуты күдікті тірліктің белгісін бермеді.  


            видеодан үзінді


Сонымен қатар видеода марқұмның тынысы тарылып, тәртіп сақшыларынан аман қалуын өтінді. 


"Өтінемін, жалынамын. Мен дем ала алмай отырмын", - деп өтінді ол. 


Халық бірауыздан құқық қорғаушы органдардың бұндай өрескел іс-әрекетіне ашуланды. Төрт офицерлермен ұсталған Джордж Флойдқа физикалық қысым көрсетудің, өлімге дейін жеткізудің еш қажеті болған жоқ дейді. 


Бұл оқиға қара нәсілді адамдардың өмірін қорлауға, құқығын бұзуға қарсы қозғалыстың (Black Lives Matter) жаңа толқынын тудырды. Миннеаполис тұрғындары полиция учаскісін өртеп, төрт күн қатарынан алаңға шығып наразылық білдіруде. Айта кетерлігі, шараға елдің барлық жанашыр азматтары ат салысуда.


 

 

Халық Джордж Флойдты еш негізсіз өлтірген полиция қызметкерлеріне қатысты тергеу ісінің әділ әрі ашық түрде өтуін талап етуде. Америкалықтар адам өмірін дене түсіне қарап бағалайтын тәртіп сақшыларынан әбден қажыды. Заман өзгергенімен, адам құқығы әлі де тапталып жатқаны кімнің де болмасын назарынан тыс қалмайды.

 

 

"Қылмыскерді жасырмаңдар! Барлық кінәлі офицерлер жазалансын! Кез келген адам өмірі құнды!" деген ұранмен халық ірі алаңдар мен офицердің үйін қоршап алған. Тәртіпсіздікті реттейтін ешбір тәртіп сақшысы көрінбейді. Жергілікті тілші қызмет кезінде бұндай бақылаусыз өткен наразылықтарды бірінші рет көріп тұрғанын айтты.


Халық полиция қызметкерлеріне ғана емес, БАҚ өкілдерін қорқытуда. Атлантадағы CNN орталығын бір топ азаматтар таңғы сағат 03:00-тен бастап тас атқылап, түтін бомбаларын атумен болды.


 The Independent


Жергілікті клуб иесі марқұм Флойд пен қысым көрсеткен офицер Дерек Шовен кезінде бір жерде қызмет еткенін мәлімдеді. Алайда екеуінің бір-бірімен таныс болуы-болмауы әлі де анықталған жоқ. 


Джордж Флойдтың өліміне кінәлі болып айыпталған Шовеннің атына қызметі кезінде 17 шағым түскен екен. Салдарынан тек екі ресми сөгіс жарияланған. 









скачать dle 12.0
Авторы:
Тағы да оқыңыздар:
26.05.2020
11.05.2020
14.04.2020
12.04.2020
11.04.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930