USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Карантин кезінде ең көп зардап шеккен кімдер?

  • 12.сәуір.2020, 16:17,
  • 460

Коронавирус пандемиясына байланысты әлем халқы карантин режимін сақтап, төрт қабырғада қамалды. Жақындарымен бірге уақыт өткізіп, өзін-өзі жетілдірумен айналысып жатқандар жетерлік. Алайда, кейбір жандар үшін бұндай қоғамнан оқшаулану өміріне қауіп төндіруде. 

Әлемде жайлаған дағдарыс есебінен көптеген жұмысшылар табыс көзінен айрылды. Үлкен топтарға бас қосуға тыйым салынған. Көңіл көтеруге арналған орталықтар жұмысын тоқтатты. Психикалық тұрақтылығы онсыз да нашар ер адамдарға төрт қабырғада қалу мүлдем зиян. Күйзелістен, эмоционалдық өшуінен ең жақын адамдарына - жұбайларына қол көтеріп, қысым көрсетеді.


Ал үйінен шығуға тыйым салынған ереже әлдекімнің көмегіне жүгінуді қиындатты. Жәрдем берер медицина қызметкерлері мен тәртіп сақшылары "маңыздылығы жоғары" мәселелерді шешуде. Осыдан, жер бетін шарпыған инфекциядан сақтану шарасы басқа да ауруға, тіпті өлімге жеткізуі мүмкін.


Карантин режимін ең алғашқы болып енгізген Қытай аймақтарында тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткіші екі-үш есеге өсті


"Статистикаға сүйінсек, бізге хабарласқан қоңыраулардың 90%-ы COVID-19 эпидемиясына қатысты", - деді тұрмыстық зорлыққа қарсы ұйым басшысы Ван Фей.


Париждік әйелдердің қоңыраулар саны 36%-ға, Францияның басқа қалаларында 32%-ға өскені байқалды. Өміріне қауіп төніп тұрған жандарға дәріханашыларға "маска 19" құпиясөзін айтып көмекке жүгіне алады. Дәріхана қызметшілері өз кезегінде полиция қызметекрлерін шақырады. Олар болса зәбір көрген жандардың 20000 күнге қонақүйде орналасқанын ұйымдастырады.


Аустралияда бұл көрсеткіш 75%-ға өсті. Ел басшылығы көмек бере алаты арнайы ұйымдарға 100 млн доллар бөлуде. Италия тұрғындары керісінше жұбайының қасында бұндай мәселе туралы хабарлауды ұялғаннан үн қатпайды. Кейбір азамтшалардың мүлде қоңырау шалуға мүмкіндігі жоқ деген үрей туды.


Қазақстандағы арнайы ұйымдар мұндай қаржыландыруға ие болмағанымен, өз қызметін тоқтатқан емес.  Карантин кезінде зорлық-зомбылықтан жәбір көрсеңіз, немесе оның куәгері болсаңыз төмендегі нөмірлер арқылы хабарласыңыз:


Ана үйі: 8 800 080 77 71

Нұр-Сұлтан қаласының дағдарыс орталығы: 8 717 295 41 42 





скачать dle 12.0
Авторы:
Тағы да оқыңыздар:
04.04.2020
11.11.2019
21.09.2019
04.09.2019
05.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930