USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Карантин кезінде не істеу керек: ғарышкерлер кеңесі

  • 11.сәуір.2020, 08:30,
  • 382

Жаһанды дүрліктірген COVID-19 инфекциясы әркімнің-ақ өмірін күрт өзгертті. Вирустың таралуын болдыртпау мақсатында бүкіл әлем бір адамдай сыртқа шықпай, сақтық шараларын қолдануда. 21 ғасырдың тынымсыз ырғағына үйренген халық оқшаулануды бірінші рет басынан өткеріп отырса, ғарышкерлерге бұл ұғыммен бұрыннан таныс. 

NASA ғарышкері Челл Линдгрен 2015 жылы Халықаралық Ғарыш Станциясында 141 күн ғарышта өткізді. Сол жылы инженер Жаклин Данн күмбез ортасында сегіз ай бойы тәжірибе жүргізген еді. Бұл мамандар оқшаулану туралы хабары бары анық. Олардың бұрын соңды көрмеген кезеңге тап болғандарға берер ақылы бар. 


Әрдайым жұмыс үстінде болыңыз, күн тәртібін жоспарлаңыз


ХҒС ғарышкерлерінің әр минуты жоспарланған: тәжірибелер, жаттығулар, денсаулық қалпын тексеру, жиындар, тамақтану және т.б. Үйде отыру - құр қол отырудың кезекекті бір сылтауы болмауы керек. Істейтін жұмысыңыз болса - тастамаңыз, кейбір жандар бұндай мүмкіндіктен айырылып отыр.


"Жаңа жұмыс табуға да болады, қандай да бір іспен айналыссақ тоғыз айдың өткенін байқамай қаламыз", - деді Линдгрен.


Күйзеліске бой бермеңіз, кешіріммен қарауды үйреніңіз


"44/45 эксспедиция кезінде жаттығу құрылғысын үш сағат бойы жөндеумен болдым. Алайда ақырында ағаттық жасап, бұзып, қайта құру керек болды. Бар еңбегім зая кетті. Сол күні өзіме өзім ашулы болдым, бірақ, ұжымым жақсы кеңес берді. Керісінше, жасаған қателігіме баға беріп, бұдан былай ешкім қайталанбайтындай жадымызға ұғып алдық. Сол бір мезет ары қарай қадам жасауға жол бермес еді. Сондықтан дүкенге шыққан кезде әлдебірдеңені ұмытсаңыз - ашуланбаңыз", - деп сабырға келтірді ол.


Жақындарыңызбен бірге көңіл көтеріңіз


Қазір бұрыннан бері көре алмай жүрген телехикая, кино туындыларды еркін түрде тамашалауға болады. Кез келген құрылғыны пайдаланып кинотеатрдан кем түспейтін кеш ұйымдастырыңыз. Үлкен және кішігірім топтарға арналған ойын түрлері сан алуан. Ересектер мен жасөспірім рахаттанатындай уақыт өткізуге болады. Дегенмен, өзіңіздің және өзгелердің жеке кеңістігіңіз туралы ұмытпаңыз. 


"Ешкіммен араласпай, біраз ой түйіп, есеп жүргізу үшін бірнеше минутқа дем алғыңыз келсе, еш ұялмай айтыңыз", - деп сендірді Жаклин Данн.


Спортпен шұғылданыңыз


Аулада серуендеу, ортаға қайта оралу мүмкіндігі - өзіміздің дене бітімімізді қалыпта ұстау үшін жақсы себеп. Оған қоса, бұндай қиын-қыстау кезеңде психологиялық тұрақтылықпен қатар физикалық қалыпқа ден қою керек. Бұл - бойымыздағы энергияны сыртқа шығарудың бірден-бір амалы.


Өз жауапкершілігіңізді түсініңіз


Өзіңіздің қоғамның мүддесін қорғап отырғаныңызды ұмытпаңыз. Дәл осы кезде әрбір адамның күллі әлемнің

болашағына жауапты екендігі байқалады. Біз бәріміз бір мақсатта бірігу керекпіз, бұны жадыңызда сақтаңыз. 


"Бұл дағдарысқа жеке тұлға емес, біртұтас халық ретінде төтеп берсек қана жеңіске жетеміз. Ұжым тек экипаж құрамымен шектелмейді, бірлігіміз отандастарымызбен, әлем халқымен де сақталу керек", - деп ғарышкер ой түйді.



скачать dle 12.0
Фото авторы : hi-news.ru Авторы:
Тағы да оқыңыздар:
09.04.2020
21.09.2019
17.09.2019
10.09.2019
26.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930