Қосымшаға тіркелген әрбір азаматқа жекеленген сандық код беріледі. Оның жеке-бас ақпараты сақталып, тек орталық серверге мәлім болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше, COVID-19 инфекциясын 2 метр қашықтықта жұқтыру мүмкін. Bluetooth жүйесіне байланған бұл жүйе дәл сол қышықтықта ауру жолықса дереу белгі береді. Инфекция таратушының есімін жарияламай, қауіпсіздік шараларын қолдануға кеңес береді.
Ғалымдар жеке мәліметті құпия сақтайтын, жүктеуге ыңғайлы әрі халықаралық деңгейде қолжетімді зат ойлап табуды көздейді.
"Қытай секілді азаматтардың жеке өміріне зиян тигізбейтін қосымша болу керек. Олардың үлгісімен істесек, еркіндік атымен жоғалады", - деді ұжым мүшесі Ганс-Кристиан Бус.
Жоба авторлары бұл жүйемен халық жұмысқа еркін оралып, коронавирус жұқтыру ықтималдығы төмендейді деп сенеді.