Оның айтуынша, ұйым өзінің негізгі міндетін атқара алмады, және мұны назардан тыс қалдырмау керек.
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның да атқарған қызметіне күмән келтірді. Қытайда вирустың таралғанын жасырды деген айып тағуда.
Осыған дейін ол ДДҰ-ның Қытаймен байланысы бар деген мәлімдеме жасаған еді.
Алайда, Трамптың вируспен күресу жолдары да халық арасында сенім тудырмайды. Оның карантин режимін тезірек аяқтауға деген құлшынысы мен вирус анықтайтын тесттердің тапшылығы наразылық туғызды.
БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гуттьере президенттің қаржыландыруға қатысты шешімі үшін бұл оңтайлы сәт еместігін басып айтты.
"ДДҰ әу бастан-ақ медицина қызметкерлерін Қытайдың вируспен күресін объективті түрде бағалауға тартып, Үкіметтің толыққанды шынайы еместігін аңғару керек еді. Дер кезінде жасалған жұмыс вирустың ошақтың өзінде-ақ жойылып, қайғылы соңына дейін жеткізбес еді", - деді Трамп.
Дегенмен, президенттің өзі осыған дейін Қытай басшылығының вирусқа қарсы күресін қолдап, Си Цзиньпинға алғысын білдірген еді.