USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Коронавирус туралы ең көп таралған аңыздар

  • 13.сәуір.2020, 09:00,
  • 645

Қазіргі таңда ақпараттың ағымына төтеп беру қиынның қиыны. Толыққанды зерттеу жоқтығынан ақты қарадан ажырата алмай, асығыс шешімдерге тап боламыз. Оған қоса, дәл сол қате тұжырымды шындыққа жанастырып, көпшілік арасында теріс пікір қалдырамыз. Әлемді бұрын соңды кездеспеген індет жайлаған кезде байбалам салмай ақылға жүгіну әлдеқайда ауыр. 



Біреу ақпараттың дереккөзін тексеріп, ой елегінен өткізсе, енді біреулер өзін де, өзгелерді де шалыс бастырады. Төменде халықтың арасында ең көп таралған аңыздар келтірілген.


Вирус суықтан қорқады


Адамның дене температурасы 36-37 градус қалпында кез келген ортада болады. Вирус адам ағзасының өзінде жайлағандықтан, сыртқы ортаның температурасына жүгіну қате. 


Ыстық ванна қабылдау қажет


Жоғарыда айтылғандай, дене қызуы қашан да өзінің қалпын сақтайды. Ал мөлшерінен асқан ыстық су денеңізді күйдіріп, жүрегіңізге зақым келтіруі мүмкін.


Ішімдік вирусты бірден жояды


Вирустан қорғанамын деп денеңізді спиртті ішімдікпен үйкелесеңіз, тітіркеніп, күйік алуыңыз да мүмкін. Ал ішімдіктің кей түрлері инфекцияның қозуына оңтайлы орта болып табылады. Оның орнына қолыңыз бен айналаңызды құрамында спирт бар антисептиктер, спиртке малынған шүберек пен сутегі асқын тотығын пайдаланыңыз. 


Вирус шыбын-маса арқылы таралады


Ыстық келе аулада жәндік атаулының қайта шығады. Соның ішіндегі маса мен шыбыны көпшіліктің уайымына айналды. Олар арқылы вирус тарайды дегенді рас санап, алдын ала үрей туғызуда. Коронавирус - ауа-тамшы инфекциясы. Адамға тек жөтелу, түшкіру немесе сілекей мен мұрын бөлінуі арқылы жұғуы мүмкін. 


Тепловизор вирус жұқтырғандарды анықтайды


Дәрігерлер қолданысындағы тепловизор құрылғысы мен вирустың бар-жоғын көрсететін сараптамамен шатастырмаңыз. Ол тек адамның дене қызуын анықтайды. Алайда дене қызуы қалыпты болғандар вирус жұқтыруы мүмкін. Себебі инфекцияланған адамның температурасы 2-10 күн ішінде көтеріледі.


Ауруға тек қарт адамдар шалдығады


COVID-19 инфекциясы кез келген жастағы азаматтар үшін қауіпті. Қарт адамдар мен белгілі бір ауруға шалдыққандардың жағдайы асқынып кету ықтималдығы әлдеқайда жоғары. ДДСҰ әрбір азаматқа алдын-алу шараларын қолданып, сақтық танытуға кеңес береді.


Коронавирустан айығу мүмкін емес


COVID-19 көпшілікке беймәлім жаңа ауру болғанымен, оны емдеу әбден мүмкін. Вирус жұқтырған сәтте алғашқы белгілеріне назар аудару керек. Жөтеліңіз бар болса, дене қызуыңыз көтерілсе, тыныс алу жүйеңіз нашарласа дереу дәрігердер көмегіне жүгініңіз. Дер кезінде байқалып, қажетті ем жүргізу арқасында аяққа тұрған азаматтар жетерлік.


скачать dle 12.0
Фото авторы : ашық дереккөз Авторы:
Тағы да оқыңыздар:
12.04.2020
04.09.2019
04.09.2019
10.06.2019
05.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930