USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Вирусты саясаттандыруды доғарыңыз - ДДСҰ

  • 09.сәуір.2020, 15:00,
  • 449

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом ебрейесус жаһанға үндеу салды. Әлем халқын бірлікке шақырып, пандемия мәселесін саясатқа қатыстырмауды сұрады.

8 сәуір күні ол ұйымның негізгі атқаратын қызметі мен мақсатын түсіндіріп COVID-19 саясат алаңына еш қатысы жоқ екендігін сендірді. 


"Әлемдік деңгейде бірігіп, COVID-19 вирусын саяси мақсатта қолданбауыңызды өтінеміз. Біз әлемнің барлық елімен достық қарым-қатынастамыз. Ешкімді де түс, ұлтқа бөлмейміз. Әлем мықтылары өзгелерге үлгі көрсете білу керек", - деді ұйым басшысы.


Бұл мәлімдеме АҚШ президенті Дональд Трампқа арналған жауап болуы керек. Ол осыған дейін ұйымды Қытаймен сыбайластығы бар деген айып тақты. Сонымен қатар ел атынан ұйым қорын қаржыландыруды тоқтатуы мүмкіндігін айтты. Айта кетейік, бұл - ДДСҰ бюджетінің 15% үлесі. 


"ДДСҰ үлкен ағаттық жасады. Неге екені белгісіз, негізгі қаржыландыру Америка Құрама Штатынан келсе де, бар назары Қытайда. Бұл мәселені бей-жай қалдырмаймыз. Осыған дейін олардың Қытаймен шекараны ашық қалдыру ұсынысынан бас тарттым. Неліктен бұндай теріс ой қалдыруы мүмкін?" - деп жазды Трамп өзінің Twitter парақшасында.


Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антонио Гутиеррес те ұйымды қорғап, пікір қалдырған еді.


Таралып жатқан вирус бұрын соңды болмаған жайт, онымен күресу жолы келешекке үлгі болатындай күш біріктіру керектігін басып айтты.


скачать dle 12.0
Фото авторы : UN News Авторы:
Тағы да оқыңыздар:
09.04.2020
04.09.2019
04.09.2019
26.05.2019
05.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930