Трамп ұйымның Қытаймен тығыз байланысы бар деп, қажетті тексерісті дер кезінде жүргізбегені үшін айыптауда. Оның бұндай "өрескел қателігін" есепке алып, АҚШ атынан ДДҰ қорын қаржыландыруды доғарды.
Халықаралық қауіпсіздік істер бойынша Пентагон басшысының экс-көмекшісі Чес Фримен мемлекет басшысының мұндай шешімі неге әкелетінін талдады.
"Бұл шешім Қытайдың халықаралық ұйымдардағы мәртебесін арттырып, АҚШ-тың орнын алмастырады", - деді Фримен.
Дипломаттың пайымдауынша, Трамп ашу үстінде асығыстық танытты. Оңтайлы политикалық көзқарас туралы әбден ұмытты.