USD 540.87
EUR 632.01
RUB 6.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Пандемиядан кейін қандай мамандықтар сұранысқа ие болады

  • 13.сәуір.2020, 22:00,
  • 964

Қазіргі әлем бойынша төтенше жағдай орнаған кезде табыс көзінен айырылған азаматтар жетерлік. Кейбір мамандардың жолы болып, жұмыс орнын сақтап қала алды. Дегенмен, атқаратын қызмет қарқыны жайлаған емес, керісінше, екі-үш есе артық күш салуды қажет етеді. Ал енді біреулердің білімі мен қызметі алдағы болашақта ерекше сұранысқа ие болмақ.

Ресейдегі жұмыспен қамту орталығының директоры Российская газета басылымына берген сұхбатында пандемия аяқталған сәтте күнкөрісіне табар бірден-бір мамандарды атады.


Роман Шкуттың айтуы бойынша, ең алдымен ақпараттық технологиялар кәсіпкерлері қажет болады. Ал заңгерлер мен қаржы мамандарын орнын орта білімі бар сантехник немесе слесарь қызметшілері басады. 


Цифрландырылған заманда кез келген білім орталығын қашықтықта тәмамдап, немесе арнайы біліктілікті жетілдіретін дәріс алып жаңа мамандық иесі атану әбден мүмкін. 24 сағат бойы үйде қамалған жандарға халықаралық дәрежесі бар жоғарғы оқу орындар мен зерттеу орталықтары мұрағаттары мен кітапханаларын ашық қолданысқа енгізді. Жұмысын онлайн түрде атқара алатын қызметшілерді іздеген жұмыс берушілер көбеюде.


"Пандемия аяқталғаннан кейін жаңа мамандықтар да пайда болуы мүмкін. Мысалы, азық-түлік қауіпсіздігі саласында. Агрономдармен қоса, егіннің дәрежесін болжай білетін мамандар да қажет болады", - деді Шкут.



скачать dle 12.0
Фото авторы : istock Авторы:
Тағы да оқыңыздар:
13.04.2020
12.04.2020
18.11.2019
10.09.2019
10.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Тамыз 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031