Бірақ, әкімнің айтуынша, Бесқарағай ауданындағы, бұл телім бұған дейін заң аясында берілген. Әкім бұдан басқа Қытай немесе шетелдің өзге де бірде бір кәсіпорнына жер сатпадық, жалға берілмеді деп отыр.
«Бұл – өте маңызды. Мораторий жарияланбай тұрып, 2015 жылдың 20 қазанында Бесқарағай ауданында байқау нәтижесі бойынша бір шетелдік компания 14 890 гектар жерді 10 жылға уақытша жалға алған. Бұл – қытайлық «Лонфин» компаниясы, біздің облыстағы жалғыз факт», – дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.
Компания өкілдері 400 миллион теңге инвестиция құйыпты. Бұл ақпаратты бұған дейін де жасырған емеспіз деген облыс әкімі қазіргі мораторий жарияланған уақытта ешқандай да жер шетелдікке берілмейтінін айтып сендірді - деп Stan.kz хабаралаған еді.
Дегенмен құйылған инвестиция көлемі қай бағытта қолданылғаны, қалай іске жаратылғаны белгісіз. Сонымен қатар, шын мәнінде бюджетке жеткенін не жетпегенін нақты дәлел келтірілмеген.
Көңіл аударатын жәйт, аталмыш «Лонфин» компаниясында қазақстандықтардың жұмысшылар саны қаншалықты деңгейде екені де нақты хабар жоқ.
Ең бастысы, халық наразы және қарсылық білдіруді жалғастыруда. Әлеуметтік желіде көптеген ақпарат тарап жатыр. Осы мәселені жеттік тексеріп, зерттеген дұрыс деп санаймыз. Қытайдың қу саясаты қандай нәтижеге алып келе алатын жөнінде, ТМД елдері білетін болар.
Одан бөлек қытай мен қазақ жұмысшылары арасында жылда белгілі бір деңгейде түсініспеушіліктер мен қақтығыстар орын алуда. Оның негізгі себебі, еңбек саясатында әділетсіздіктің орын алуы болып тұр.
Редакция ойы автордың пікрімен тұспа-тұс келмеуі мүмкін