Екі жақ бұл мәселені бейнеқоңырау арқылы талқыламақ. Аталмыш ұсыныс барлық шабуыл түрлерін доғаруды қарастырады.
Осыған дейін, БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутиеррес елдегі коронавирус ошағын болдырмау мақсатында қарсылас ұйымдарға үндеу салған еді. Өзінің арнайы елшісі Мартин Грифиитспен бірігіп ұлтаралық деэскаляция бағытында жұмыс істеуге шақырған.
"БҰҰ Йемендегі елшісі жұмысын жеңілдету және бауырларымыздың коронавирус пандемиясымен күресін жеңілдету, оның таралуын болдыртпау мақсатында бейсенбіден бастап екі аптаға шабуылды тоқтатады", - делінген хабарламада.
Бұдан Йемендегі денсаулық сақтау жүйесі ауыр халде екенін аңғаруға болады. Сырттан келген қауіпке тойтарыс беруге халықтың мүмкіндігі жоқ.
Айта кетейік, батыстың қолдауына ие коалиция Хуситтермен 2015 жылдың наурыз айынан күресуде.
Алайда, жергілікті күштер бұл келісімді қолдар-қолдамауы белгісіз.