USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Құрылысшылармен қолданылатын заманауи технологиялардың топтамасы

  • 18.қараша.2019, 00:15,
  • 1 869

Құрылыс технологиялары қарқынды түрде дамып жатыр - салынып жатқан ғимараттан барынша көп пайда алу үшін, оның құрылысын тез және сапалы түрде өткізу керек. Қазіргі таңда құрылысшылармен кеңінен қолданылып жатқан заманауи технологиялар топтамасын қарастырып көрейік.

Құрылыс саласы, экономиканың басқа салалары сияқты, жылдам өзгеріп жатқан әлеммен бірге өзгеріп жатыр. Қолданыстағы технологиялардың одан әрі дамуы, жаңа инновациялық материалдардың пайда болуы, сонымен қатар құрылыс материалдарына қойылатын экологиялық тұрғыдан қауіпсіздік талаптары құрылыс саласының дамуына елеулі әсерін тигізіп жатқаны сөзсіз. 

BIM - технологиялар. Ғимараттарды ақпараттық модельдеу немесе BIM (Building Information Modeling) құрылыс жұмыстарын айтарлықтай жеңілдетеді. Бұл жүйе әр түрлі мамандар мен ұйымдармен әзірленген болашақ ғимараттың компоненттерін есептеуге, қосуға және келістіруге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, жобаның әр түрлі кезеңдерінде осы компоненттердің дұрыстығын, тиімділігі мен пайдалану сипаттамаларын тексеруге мүмкіндік береді. Нәтижесінде ақпараттық модельдеу құрылыс процесінің жобалаушылардан бастап тұтынушыларға дейін, қысқаша айтқанда құрылыс процесінің барлық қатысушыларының жұмысын жеңілдетеді. 

Мамандармен салынған объектінің цифрлық моделі жұмыс құжаттамасының жазылуына, құрылыс конструкциялары мен бөліктерін жасауға негіз бола алады. Оны ғимаратты пайдалану кезеңінде ұйымдастырушылық - шаруашылық сұрақтарын шешу үшін қолдануға болады. 

BIM - технологиялар арқылы жасалған цифрлық модельдің жарамдылық мерзімі жоқ екенін ерекше атап өту керек, ол ғимараттың бүкіл өмірлік циклдеріне қатысты жарамды болады. Модельдегі барлығын өзгертуге, толықтыруға немесе ауыстыруға болады. 

Ғимараттардың 3D баспасы. 3D баспа технологиялары - бұл ғылыми техникалық саладағы революциялардың бірі. Бұрын бұл технологияны медицина, машина жасау мен электроникаға қатысты қолданып жүрген. Дегенмен технологияның дамуымен, енді оны құрылыс саласында да қолдануға мүмкіндік туды. 

1) Бетон мен қоспалардан жасалған тұтқыр қосындыны қабат қабатпен экструдерлеу

2) Біріктіру. Бұл технологияда 3D принтердің жұмыс зонасында қойылтылған лазерь немесе күн сәулесі арқылы кәдімгі құмды балқыту принципі қолданылады.

3) Компоненттік желімдеу (стереолитография). Бұл технологияда да тек құм қолданылады, жұмыс барысында ол ол желіммен араластырылады. 

Осы аталған үш технология ішінен құрылыс компаниялары тарапынан бірінші технологияға үлкен қызығушылық танытылып жатыр. 3D принтинг арқылы шығарылған көтеруші құрылмалар мен үйлердің нақты мысалдары бар болғандықтан, осы технологияның ары қарай дамып, кеңінен қоллданатынына әбден мүмкіндігі бар. 

Модульдік құрастыру. Модульдік құрастыру немесе қайта фабрикациялау құрылыс жұмыстарының мерзімін айтарлықтай қысқартады. Осылайша, мысалы Қытай құрылысшылары 2010 жылдың өзінде 15 қабатты қонақ үйдіі 48 сағаттың ішінде салып шықты. ал бес жылдан кейін - 57 қабатты ғимаратты салу үшін 19 сағат қана керек болды. Ғимарат құрылысын салу орнына дайын блоктарды алып келу арқылы жұмыс мерзімін барынша қысқартуға мүмкіндік берді.

АҚШ пен Ұлыбританияда салынып жатқан үйлердің 70 %-ы модульдік құрылмалардан салынады, Еуропада - 29%, ал Ресейде - 3 %. Салада осы технологиягы кеңінен пайдалануға сатып алушылардың консерватизмі кедергі жасайды. 

Машиналық көру. Құрылыс саласы ұшқышсыз ұшатын аппараттар - дрондорды пайдалана бастады. Сонымен қатар бұл технология қазіргі таңда жақсы нәтижелер көрсетіп жатыр. Мысалы құрылыстың монитроингі кезінде аталмыш технология құрылыс алаңындағы технологиялық процестергі кедергі жасамайды, қашықтықтан басқарылады. Дрондар - уақыт және қаржы шығындарын үнемдеудің нақты тәсілі. 

Нольдік энергияны тұтыну. ZEB тұжырымдамасы (Zero energy building) заманауи құрылыс саласындағы аса өзекті бағыт ретінде саналады. Бұл тұжырымдама негізінде энергияны үнемді пайдалану мен қалпына келтірілетін энергия көздерін пайдалану принциптері қолданылады. Мысалы, қазірдің өзінде электр тогынан бас тартуға болады, ол егер жұмыста топырақтық жылу алмастырғышты немесе гибридтік күн коллекторын, жоғарғы жылу беру мен салқындату жүйелерін және табиғи вентиляция жүйесін пайдалану арқылы іске асырылады.

скачать dle 12.0
Фото авторы : rg.ru Авторы:
Тағы да оқыңыздар:
26.11.2019
12.07.2019
11.07.2019
24.06.2019
08.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930