Елімізде, 9 маусым күні көпшілік асыға күткен президент сайлауы өткен болатын. Халықтың біраз бөлігі өзгерістерді қалаған, үміттенген.
Оның науқаны кішігірім уақыт шеңберінде өтсе де, қоғамда жағымды және жағымсыз өзгерістер орын алған.
Ең бастысы, 30 жылдың ішінде бірінші рет, Нұрсұлтан Назарбаев сайлауға қатысқан жоқ. Дегенмен, кейбір топ өкілдері сайлау қорытындысы алдын ала шешілген деген ойды ұстанған. Бәлкім, солай да болған болар. Дегенмен, шынайы, әрі әділетті сайлау өтуі үшін, халықтың санасы өзгеруі тиіс, билік құрылымы мен жүйесі түбегейлі өзгеруі қажет. Үкімет халықпен санасуы керек. Сонымен қатар, бірқатар басқа да алғышарттар орындалуы тиіс. Ол енді, аталған фактілер жақын арадағы уақыт еңшісінде.
Бәйгіге кіріскен 7 үміткер болды. Бірақ, көпшіліктің пайымдауынша негізгі бәсекелестік 2 үміткер арасында ғана болады. Кешегі күн соған дәлел.
Одан бөлек, жастар арасында жаңа тренд «Оян Қазақ» пайда болып, ақыры қоғамдық ұйымға айналды.
Жас буын өкілдеріміздің көзі ашылып, саналары ауысты, есейді. Саяси белсенділік пен азаматтық көзқарас танытып, сауаттылықтары артты. Осының барлығысы игі өзгеріс деп санай беріңіз.
Бірақ кейбір ағайындар әлі де ұйқыда қалып отыр. Белгілі бір ұлт-патриоттары мен азаматтық белсенділер «бойкот» жариялаймыз деп, басынан бастап, Қосановты қаралаумен ғана айналысты.
Ал өздері нақты қандай жұмыс атқара алды?! Өзгеріс орын алуы үшін, не жасады? Халықтың бірігуі үшін, қандай қадамдар жасады? Жауап ретінде, тек «Халық Құрылтайы» еске түседі. Ал оның нәтижесі қандай болды?! Онсыз ыдырап тұрған қоғам, мүлдем бөлініп кетті.
Сонымен қатар, шетелде жүрген «оппозиционерлер» ереуілге шығындар деген үгіттеуден басқа не істеді? Қанша рет адамдар шықанымен, айыпталып бір болса да айыппұл төледі ме? Шығып, полиция ұсталғандарға қандай көмек көрсетті, қандай қолдау білдірді?! Ешқандай, тек шығындар дейтін қағида.
Ал шығып, ой білдірген азаматтар арасында бір болса да, беделді, әрі таңымал тұлға болды ма?! Кім қолдады? Кім жетектеп, алдына шығып, наразы халықтың шартты түрде басшысы болды? Кім жауапкершілікке алды? Ешкім, халық, тек қана халық. Жападан жалғыз, ақыры өзінің өзекті мәселелерімен сол күйінде бетпе-бет қалып отыр.
Енді өткен президент сайлауы көпшілігімізге үміт отын сыйлаған болатын. Егер сол басынан бастап, барлығы «бір жұдырықтай» болғанда, мүмкін қазір басқа жағдай болар еді.
Кезекте, сайлау бәйгесіне Қосанов мырза үміткерлікке ұсынылған кезде, тағы да кейбір халық шулай бастады. Талаптар қойды. Ал сонда, неге сол талаптарын билікке қоюды қорқады да, «диван батыр» болып, өзінше саясатта тәжірибесі бар секілді санап, тек қаралаумен отырады.
Егер Қосановқа және басқа үміткерлерге сенбесе, өздері сайлауға қатыспады ма? Демек, айту оңай, ал нақты тірлік жасау қиын. Ол үшін батылдық пен шынайы ұлтжандылық, Отан сүйгіштік, адалдық пен жауапкерлішік сияқты қасиеттер керек. Соны кейбіреулер ие келе, неге қолданған жоқ? Сылтаулатқан ғана болатын: «Сайлау нәтижесі алдын ала шешілген, легитимді емес», - деп. Енді соны біле тұра, кейін ереуілмен ғана шеше алатынын білгенде, неге қатыспады? Қатысып, жеңілгенде, онда көрсетер еді шынайы бет-пердесін. Ал енді отырып алып, көшеге Қосанов шығындар деп шақырмағаншы үшін ренжулі.
Осы жөнінде қосарымыз, 9-10 маусымға Аблязов халықты көшеге шығындар деп үгіттеген болатын. Енді Қосанов та шартты түрде шақырса, онда заңдық негізде болсын, ұғымдық негізінде болса да, дұрыс болмас еді. Себебі, наразы халық шатысушы еді, кім кімді қолдап шықаны бір. Ал екі Қосановтың өзі Мұхтардың тірліктерін, сатқындығын қолдаған емес, демек соның псевдожақтастарымен бірге тұру ойға сыйымсыз. Сонымен қатар, Әміржанның жақтастары амалсыздан, заң аясында жауапкершілікке тартылуы да мүмкін еді. Сондықтан, біреуге жала жапқанша, өзінен себепті іздеген дұрыс.
Біздің редакцияның ойынша, көпшілік тек өзінің ойын, өзінің амбициясына ғана қарап, не сайлауға үміткер немесе сайлаушы ретінде қатыспады, не Қосановты қолдамады.
Біз, Қосанов керемет адам деп айтып отырған жоқпыз. Айтайын дегеніміз, ол St.q (Статус Кво) өзгертуге тырысқан адам деп санаймыз. Әрине, бәлкім бойында белгілі бір қасиеттері әлсіз немесе жетіспейді. Бірақ ол қорықпай, алға қадам жасады.
Қазақстан тарихында, оппозиционер болып Қосанов 1,5 млн шамасында дауыс жинаудың өзі – керемет көрсеткіш деп айтар едік. Ал басынан бастап, ұлт-патриоттары бөлінбей, қолдаған жағдайда, оның саны мен нәтижесі әлдеқайда жоғарырақ болатынына сенімдіміз. Бірақ мүмкіндікті қолдаған адам табылмады.
Осының арқасында, енді билік халықпен санасатынын түсінді. Әміржан алда өзгерістер алып келе алатын, тұлға деп түсінеміз. Сонымен қатар, оны көбінесе Алматы мен Астанада таниды, шамалы өңірлерде біледі. Ал шалғай аудандарда және кейбір аймақтарда, тұрғындар амалсыздан тек «Хабар» арнасын қарап, қоғамдағы азаматтарды танымайды.
Енді Қосанов биліктің кез келген тармағына келіп, уәде берген тірліктерін жасаған жағдайда, барлық халық білетін болады. Нәтижесінде, келесі науқанға қатысуға әлдеқайда жеңіл болатынына кепілідік бар. Ал егер билікке келіп, сөзінде тұрмаса, әңгіме басқа ағайын.
Бірақ, егер Қазақ елі түбегейлі өзгерістерді қаласа, шамалы бір-біріне деген құрметтеуді көрсетіп, сенімді білдіріп, бірегей жұмыс жасаулары хақ. Әзірше билік құрамына Қосанов кіруі ықтимал. Егер солай бола тұра, шамалы өзгерістер орын алады. Одан толқын ретінде, басқа халықтан шыққан тұлғалар кіретіні сөзсіз.
Қорытындылай келгенде, біздің ұжым – тәуелсіз, дербес болып тұр. Біз нақты белгілі бір тарапты қолдап немесе даттап отырған жоқпыз. Тек болып жатқан жәйттарды барымен халыққа жеткізуді тырысудамыз. Ақты –ақ, қараны- қара дегенді үйрену керек.
Ал үйде отырып алып, қатындардың өсек-аяндарын айтуды, тырнақ астынан кір іздеуді қою керек. Қазақ ұлты және елі жоғалып кетпес үшін, барымызды салып, шынымен бірегей болуымыз қажет.
Бірақ жәй ғана, сөз жүзінде бола қоймай, халықтық жиналыс өткізіп, барлық ұлтжанды азаматтар біріктіріп, Хартияға қол қою керек. Соның нәтижесінде резолюция бекітіп, жоспар құрып, іске асыру тетіктері белгіленуі қажет секілді. Сонда келесі президент немесе парламент сайлауына дейін жоспарлы түрде дайындалып қана, жеңіске жетуге болады. Өмірімізді өзгертуге күн туады. Азаттыққа жетудің амалы болады.