Барар уақытыңызды ойластырыңыз
Халық неғүрлым аз жиналатын дүкен мен уақытты таңдаңыз. Бір аймақта жиналған үлкен топтар вирус жұқтыру қаупін арттырады. Түскі ас пен жұмыс уақыты аяқталған кезеңдерде шықпауға тырысыңыз.
Ара-қашықтықты сақтаңыз
Азық-түлік, қоғамдық көлік, үлкен аулалар - бұл халық ең тығыз жиналатын орындар. Егер бұндай жерге бару қажеттілігі туындаса, айналаңыздағы адамдардан кем дегенде 2 метр ара-қашықтықты сақтаңыз. Әсіресе кезекте, белгілі бір тағам орналасқан сөрелер маңында ерекше сақ болыңыз. Ережелерді өзіңіз сақтаумен ғана шектеумен, өзгелерге де үлгі жасауды ұмытпаңыз.
Қолыңызды залалсыздандырыңыз
Кез келген затты ұстау алдында қолыңызды құрамында кем дегенде 60% спирті бар препаратты қолданыңыз. Бұдан бөлек, ұстауға тура келетін беттерді залалсыздандыруға болады. Бір реттік қолғаптарды тағудың да пайдасы тиер. Алайда үйге кірген бетте оларды теріңізге тигізбей ақырын шешіп, қоқысқа тастаңыз.
Тауардың қабына мән беріңіз
Картон немесе пластикпен қапталған заттарды алуға тырысыңыз. Өзге сатып алушылармен байланысу мүмкіндігі азаяды.
Қауіпсіз төлем тәсілін таңдаңыз
Ақша немесе төлем картасын сатушыға еш байланыссыз тапсырудың амалын қарастырыңыз. Көптеген дүкендер мен тапсырыс жеткізушілер төлеудің өзге де тәсілдерін ойлап тапты.
Келген заттың барлығын сақтықпен қабыл алыңыз
Пластик қаптарын да назардан тыс қалдырмауға тырысыңыз. Алынған азық-түліктерді тапсырмас бұрын сырттан әкелінгеннің барлығын залалсыздандыру керек. Тапсырыс берген тағамдарды да дәл солай қабылдаңыз.