USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қоғамдық қашықтықта болу қаншалықты қиын?

  • 04.сәуір.2020, 10:30,
  • 728

Әлем 2020 жылды бұрын соңды болмаған күйде қарсы алды. Жаһанды дүрліктірген COVID-19 пандемия кезінде халық қандай әрекеттер қолдануда? Азаматтық жауапкершілікті толықтай ұғынғандар бар ма?

Қоғамдық қашықтықты сақтау, оқшауланып өмір сүру. Бұқаралық ақпараттардың қаншалықты бұл тіркестерді пайдаланып әуре болғанымен, мағынасын түсініп, ой тие білетіндер көп емес. Ел басшылары мен медицина профессорлары үй ауласынан сырт шықпай, ешкіммен араласпауға тыйым салып дабыл қағуда. Бұндай шаралар аталмыш инфекцияның таралу қарқынын төмендетуді, тіптен тоқтатуды көздейді.


Алайда қала алаңдары мен қоғамдық орындары босаңдағанымен, жақындарымен, көршілерімен, тіпті бейтаныс біреулермен серуендеуге шыққан азаматтар да жоқ емес. Шыдамдылық танытып карантин ережелерін сақтап отырғандар бұл кездесулерді құптамайтыны рас. Әрбір жасаған қадамымыз бұрыннан бетер бақылау астында. 


 


Сақтық шараларын елемегендердің жауапсыздығы туралы біраз әңгіме қозғауға болады. Мұның астарында іштарлық, тәкаппарлық немесе ақымақтық жатуы мүмкін. Дегенмен, адамдардың көшеге шығып, жиындарға баруларын психологиялық тұрғыдан қарастыруға да болатанын ұмытпауымыз керек.


Неліктен Жапония мен Оңтүстік Корея тұрғындары көктемде гүлдейтін шие ағашына асығады? Сирек кездесетін құбылыс деп атауға болмас. Ал ресейліктер болса тек дәмді ет жеу үшін қала сыртына тұра қашты ма? 


 

Спорт алаңындағы ерекше сезім тудыратын сүйікті ойыншыларыңның кәсіби ойыны ғана емес. Ән кештерінде өнер көрсететін жұлдыздың есімін бірі білсе, біреулер мүлде беймәлім. Осы жерде адамның күні адаммен деген тіркес сай келгендей.


Ғалымдардың айтуынша, кейбір адамдар үшін үлкен жиындар психологиялық ләззат пен эндорфин гормондарын тудырады. Үлкен отбасыда өскен немесе дос-жарандарымен тығыз байланыстағы жандарға ортада болу ауадай қажет. Әсіресе той сүйер қазақ халқы үшін мұншалықты мерзімге қашықтық сақтау мүлдем жат нәрсе. 


Табиғатынан өз бойымен, шудан алшақ жүріду ұнататындар да қазір қиын кезең кешуде. Қандай психотип түріне жатсаңыз да, бәрі аяқталғанда ең алдымен коғамдық ортаға асығатыныңыз анық. Себебі әркім нәресте кезінен-ақ әлемді ұстап сезу арқылы таныған. Ал қазіргі ахуал адамдарды құшақ жаю, қол алысу, сүю ләззатынан айырды. Бұл қарапайым әрекеттердің өзі ерекше сезім тудырып, адамның бақытқа бөлінуіне бірден-бір себепкер.


Бірін-бірі ұстап сезуге үйренген балалар агрессияның физикалық және менталды түріне әлдеқайда бекем екендігі дәлелденді


Өзгелердің бақылауы мен жылуында мұқтаждардың қатарына алдыңғы буын аталарымыз, апаларымыз бар. Бірі өмір серігінен айрылса, бірі жағдайын жасар ұрпақсыз, жападан-жалғыз қалды. Бұл жандарға хал-жағдайын сұрастырар қоңырау, серік болар қолғабыс ауадай қажет.


 

Айналадағы адамдардан, жақындарымыздан үлкен қашықта болу қаншалықты қиын болмағанымен, өзіміздің азаматтық борышымызды ұмытпайық. Бір сәттік ләззатымыз бір адамның өмірінің құнына теңделмесін. Қазіргі таңда ең бастысы - сабырлық танытып, өзіміздің әрі басқалардың амандығына жауапты қарау.


скачать dle 12.0
Фото авторы : Golden Cosmos Авторы:
Тағы да оқыңыздар:
21.09.2019
10.09.2019
10.06.2019
30.05.2019
26.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930