USD 494.87
EUR 520.65
RUB 4.91
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ұлт-азаттық көтерілістердің пайдасы

  • 05.июля.2019, 14:41,
  • 1 042

Бүгінгі таңда, Қазақ Елі ұлы өзгерістерді қажет ететін уақытқа жеткен сыңайлы. Тәуелсіздігіміздің 30 жыл шамасында ел ретінде қалыптасып, өмір шамалы өзгерген. Бірақ көпшіліктің ойынша, бүгінгі күн елеулі түрде жақсырақ болуы тиіс еді. Қалай дегенмен, шүкір немесе тәубе деп отыра беру, тығырыққа апаратын жол екенін де халқым түсіне бастаған секілді.

 

Әлем және Қазақстан тарихында сан алуан ұлт-азаттық көтерілістер болғаны жөнінде көпшілік білетіні хақ. Кейбір осындай тарихи сәттерде негізгі мақсат орындалып жатса, басқаларда іске аспай қалған еді. Қалай дегенмен, көпшілік жағдайда, халықты біріктіріп, әрекеттер жасау үшін, нақты көсем (лидер) болған. Материалдық себеп немесе қаржылай ынталандыру болғаны, не болмағаны әр сәттерде әрқалай болғанымен, көбінесе рухани уәждеме, идеологиялық тұрғыда болды. Ең басты ортақ мақсат – ертеңгі күнді өзгертіп, болашақ ұрпаққа аманат ретінде, тәуелсіз, әрі дамыған елді қалдыру.


Бүгінгі таңда, Қазақ Елі ұлы өзгерістерді қажет ететін уақытқа жеткен сыңайлы. Тәуелсіздігіміздің 30 жыл шамасында ел ретінде қалыптасып, өмір шамалы өзгерген. Бірақ көпшіліктің ойынша, бүгінгі күн елеулі түрде жақсырақ болуы тиіс еді. Қалай дегенмен, шүкір немесе тәубе деп отыра беру, тығырыққа апаратын жол екенін де халқым түсіне бастаған секілді.

 

Қазақ даласындағы болған тарихи сәттерге сәл көз жүгіртіп қарасақ, ХІХ-ХХ ғ. арасында патша үкіметіне қарсы көптеген көтерілістер болды. Кейбірі белгілі бір жергілікті аумақ ретінде болса, басқалары үлкен ауқымды.


Солардың ішінен Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс ең елеулі деп санаймын. Сонымен қатар, ол Абылайдың жолын жалғастырып, үш жүздің халқын біріктіре білді. Әрине тарихта сол оқиғалар жөнінде көптеген әңгімелер мен қауесеттер айтылуда. Дегенмен, патша үкіметіне және басқа жорықтарға барған батырлар мен жауынгерлер, тек елдің азаттығы мен бостандығы үшін күрескен.


Кейінгі уақытта тарихымызда көптеген басқа да ұлттық көтерілістер болып, Алаш бастаған аталарымыз да біраз әрекет жасаған. Бірақ, ең бастысы сол жасаған әрекеттер үшін, олар ешкімнен ақша алмаған, тек идеологиялық және рухани тұрғыда қадамдар жасады.

Одан бері қарай, жаңа тарихта – Алматыда 1986 жылы аға-әпкелеріміз бірігіп, елдің тұтастығын сақтап қалған болатын.


Барлық тарихи оқиғаларда қайтыс болғандар, қандары төгілгені бекерден бекер емес екенін, жас ұрпақ түсінуі тиіс. Бүгінгі таңда, бейбіт өмір орнығып, ашық аспан болғаны, сол аталарымыздың арқасында.

 

Халықтың сана-сезімі, патриоттық рухы қайта жанданып келе жатқан сыңайлы. Кейбіреулері енді оянып жатса, кейбіреулері одан ерте оянса, енді басқасы әлі ұйқыдан ояна алмай отыр. Оған негізгі себеп ретінде, менің ойымша мемлекеттік ақпараттық насихаттау жұмыстары кері әсерін тигізуде. Атап айтқанда, мемлекеттік БАҚ дезинформация таратып, халықтың санасын уландырып жатыр. Нақты оқиға бойынша, журналистке сай тәуелсіз, сараптамалық ақпаратты бермеуде, кейбір кездері мүлдем ештеңе болмағандай үндемей де қалуда.


Жер митингілері, азаматтық қоғамға шамалы өзгерістер әкелген болатын. Демек, халықтық шерулер арқасында, белгілі бір нәтижелерге жетуге болатынын қазақтар түсінген болар. Себебі, осы бағыт бойынша, жер митингілерінен кейін, басқа біраз мемлекеттік саясатқа, биліктің шикі жүйесіне қарсы шаралар өткен.


Ендігі кезекте, 6 шілде күні де шеру болатыны сияқты. Оның ұйымдастырушысы – М.Әблязов болып жатқан секілді. Жеке өз басым, ол жөнінде, оның тірліктері жайында бәрі бір. Себебі, маған ол – тұлға немесе ұлт көсемі ретінде қабылданбайды. Бірақ, жаным ашитын жағдай баршылық.


Интернет желісінде кеңінен тарап жүрген ақпаратқа сәйкес, кімде-кім соның атынан ұрандатып шеруге шықса, 10 мың доллар ақша алады екен. Сол ақпаратқа сәйкес, адамдар қаржыны тек Әблязов билікке келген кезде ғана ала алады.


Нәтижесінде, замануи ұлт-патриоттарымыз қашан біреуден ақша алып, тірлік жасаған? Атап айтқанда, сіздер Шаханов біреу төлеу арқылы өлең жазып, халықты біріктіруге барын салған деп ойлайсыздар ма?! Не Тоқтау Аубакиров бастаған, Ринат Зайытов қостаған азаматтар биліктің шикілікін ақша үшін жасап жүр дейсіздер ме?! Ал шартты түрде Алмас пен Ербол сынды азаматтар ақша алып, ұлттың намысын таптап, біреудің заказын орындап, митингіге сенім мен наным үшін емес, қаражат алу мақсатында қатысатыны дұрыс па?!


Сонда, біздің ұлттық құндылығымыз мен болмысымыз, арымыз қайда қалды?! Менің ойымша, ақша алу мақсатында, қазақтар сатылған жоқ, әрі сатылмайды да.


Дана қазақ халқымыз, қанша рет шерулерге шықса да, ақша үшін емес, елдің тұтастығы мен абыройы үшін шыққан болатын. Сондықтан ереуілдерге шығу дұрыс үрдіс деп санаймын. Бірақ оны жоспарлы түрде ұйымдастырып, нақты нәтижеге жету жолында барын салу керек.

Жалпылама кезінде Мао, Ганди немесе қырғыз бауырларымыз революция көмегімен, эволюцияға жеткен. Сонда нәтижесін көріп, ілгері жылжу жоспарларын іске асыра бастады.


Шынымен де, әрбір елдің өзінің даму тарихы бар. Әрбір ел өзінің азаттығына өз жолымен жетеді. Дегенмен, барлық амалдарды қарастырған жөн деп санаймын.

 

Қымбатты оқырман, мен екі күн бұрын интернеттегі халықтың пікірін білу мақсатында, арнайы келесі сұрақтарды қойдым: «Сіздің ойыңызша, Ұлт-азаттық көтерілісті бастау үшін немесе биліктің шикі жүйесіне шыдамай, наразылық таныту үшін, ақшалай ынталандыру керек пе? немесе ұлттық болмыс пен идеологиялық негізінде, халықтың ауызбіршілігі жеткілікті?! Демек, сіз қандай жолды таңдайсыз?!»


Нәтижесінде, халықпен бірге митингілерде жүрген, сұралған ұлт-патриоттарының көбісі ауызбіршілік керек деп, ұлттық болмыс негізде болуы шарт деген жауапты таңдаған болатын. Ал таңымал топтардағы қарапайым қазақтар – ауызбіршілікті қолдады. Тек шамалы ғана адам саны, ақшалай ынталандыру керек деп ойлайды. Кейбір ағайын, ақша шығатындарға төлеу үшін емес, ұйымдастыру шығындарына қажет деп санайды.


Ал Англияда тұратын қашқын банкирдің жақтастары абыржып, шулай бастады. Бірден айта кетейін, осы мақаладан кейін де біраз әңгімелер айтыла бастайды, жала жабады. Алдын ала жауап берейін, әрбір адамның өз ойы бар. Сәйкесінше оны білдіруді ешкім шектей алмайды. Өздерін мықты болсандар, халықты біріктіріп көріндер, бірақ тек ұлттық негізде, ешқандай қаражаттық ынталандырусыз!

 

Пы сы. 6 шілде болсын немесе 16 желтоқсан, не басқа белгілі күн болса да, шеруге шығу, ол – әрбір адамның жеке ойы мен шешімі. Бірақ амалды орындау үшін, ақша негізде емес, тек ұлттық негізінде болуы керек сыңайлы. Демек митингтер мен бәлкім революция да керек шығар, бірақ соған апаратын, халықты біріктіріп ортақ қолдау табатын, қазақ халқы Ұлт көсемін әлі табылмай отыр.


Соңында айтарым, 6 шілде күні не басқа күні шеруге шықпандар деп үгіттемеймін, керісінше егер қажеттілік бар болса шығу керек. Бірақ оның негізі ұлттық құндылық болуы шарт деп санаймын. Халықтың ауызбіршілігі болып, бірегей қадам жасалынуы қажет.


Ал мемлекеттік саясат мен биліктің жүйесі өзінің дәрменсіздігін ары қарай көрсеткендіктен, әлеуметтік теңсіздік пайда болуынан, өмірде әділетсіздік орнауына байланысты, қазақ қоғамы өзінің күресін жалғастыра беру керек деп ойлаймын.


Редакция ойы автордың пікрімен тұспа-тұс келмеуі мүмкін


митинг, шеру, көтеріліс, қазақтар, 6 шілде, Астана күні, ұлт-патриоттары, Қазақстан 

скачать dle 12.0
Авторы:
Тағы да оқыңыздар:
10.06.2019
30.05.2019
26.05.2019
05.06.2019
05.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930