Қарағанды облысының Қарқаралы ауылынан шыққан жеткіншектің есімі Super Star KZ (2006) байқауынан кейін танылды.
Өнерпаздар додасы Жанарға шығармашылық жолының біраз жолын ашты. Алдымен сайыс қатысушыларымен China Town, содан соң дода жеңімпазы Нұржан Керменбаевпен "Арнау" дуэтін құрды. Қос ғашық бірден халықтың көңілінен шықты, бірнеше хит әндерімен есте қалды.
Алайда жұп 2009 жылы ара-қатынасын үзді. КТК арнасына берген сұхбатында әнші топтан кету себебін түсіндірді.
"Нұржан мені лақтырып кетті. Біріншіден, менен ақша алып, қайтармай қойды. Екіншіден, ата-анасымен бірге мені туыстарымның алдында масқара етті. Өткенге оралғым келмейді, бірақ мұның нүктесін қою керек. Жасым 17-де болды, екеуміз де қателестік. Сол үшін жауап бердім. Садақа, сол ақшамен бірге шіріп кетсін", - деп дөрекі айтқан еді ол.
Көп ұзамай тұрмыс құрды. Жарымен 11 жыл бойы шетелдерде тұрды, алайда онымен де дәм-тұзы жараспады. 2018 жылы күйеуі үйден кетуді талап еткен соң ажырасты. Ол кезде отбасы Түркияда тұрып жатқан.
Бөтен елде үйсіз, жұмыссыз қалған Жанар біраз қызметте істеді, күнін қара жұмыспен көрді. Үміттен қол үзіп, өмірмен қоштасу ойы да болды.
"Түркияда 10 долларға тұрақтарды сыпырдым, 1000 лираға күтуші болдым, көршілердің үйін жинадым. Қазір Қазақстанға келіп ыдысжуушы болып жұмыс істеп жатырмын, отбасылық жұппен пәтер жалдап тұрамын. Көмек сұрағанымда, ешкім көмектеспеді. Ыстық сусыз, үйсіз өмір сүрдім. Пәтер жалдау үшін 300 мың теңге несие алдым. Қазір төлеп жатырмын. Мен тілдерді білемін, бірақ дипломым жоқ. 20 рет өміріммен қоштасқым келді - тамырымды кестім, асылып өлмек те болдым", - дейді ол.
Елінде шығармашылық жолын қайта жаңғыртуға дем берген Сиви Махмудиге алғысын білдірді. Махмуди әншіге мейрамханада өнер көрсетуді ұсынған. Бірақ көп ұзамай Жанар мен Сиви өзара серіктестігін тоқтатты. Махмудидің айтуынша, "Арнаудың" экс-солисті көңіл-күйі жиі өзгеріп, тұрақты жұмыс істеуге дайын болмаған.
Жәрдем берушінің сөзімен Жанардың өзі де келіскендей. Бәрінен бұрын денінің саулығын қойған ол психолог көмегіне зәру екендігін айтты.
"Бұл өте қиын, шаршадым, менде депрессия болып жатыр. Күш жинауым керек. Әлі де сахнаға шығуға қорқамын... Негізі көп алдына шықпайтын ұялшақ адаммын. Қазір маңыздысы - денсаулығым, соны жақсартуым керек. Психологқа барғым келеді", - деген еді Жанар.