USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қарағандылық әйел порно-видеоларын сатқан

  • 28.қазан.2020, 17:16,
  • 627

Қарағандылық полицейлер әлеуметтік желілерде порнографиялық бейнежазбаларын таратқан әйелді ұстады.

Қарағанды облысының полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Instagram және Telegram-да порнографиялық материалдар жариялау фактісін анықтады.

"Бұл бейнежазбалар тек Қазақстанға ғана емес, басқа да мемлекеттерге тараған. Hi-tech жедел-алдын алу іс-шаралары барысында жедел уәкілдер бейнежазбаның авторын анықтады. Ол Қарағанды қаласының тұрғыны болып шықты. Ол бір топ адаммен бірге бейнежазбалар түсіріп, әлеуметтік желі арқылы сатып отырған.

Әлеуметтік желіде бейнежазбалардың бағалары да жарияланған. Мәселен, бес минуттық интимдік бейнежазба 7 мың теңге немесе 1200 ресей рубліне бағаланса, алдын ала тапсырыс бойынша бейнежазба 17 мың немесе 3 мың ресей рубліне бағаланған. Ал басты рөлдегі әртіспен интимдік кездесу құны 300 АҚШ долларына белгіленген", - деп жазады дереккөз.

"27 қазанда Қарағанды облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні ұстады. Оның заңға қайшы әрекеттеріне байланысты айғақ заттар тәркіленді. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабына ("Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату") сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оның серіктестерін анықтау және іздеу бойынша кешенді іс-шаралар өткізіп жатыр", – деді Қарағанды облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Ислам Мусин.


#қарағанды #әйел #видео #әлеуметтікжелі 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930