USD 511.67
EUR 582.38
RUB 6.53
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Түркістан облысында интим қызмет көрсеткен притонның жұмысы тоқтатылды

  • 17.қыркүйек.2020, 10:02,
  • 502

Түркістан облысының полицейлері жезөкшелер қызмет көрсеткен притонды анықтады.

Сайрам АПБ-ның полиция қызметкерлері республика көлемінде жүргізілген "Стоп-трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Ақсукент ауылында орналасқан демалыс орындарының бірінде жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды анықтады. 

Полиция қызметкерлері притонда жеңгетайлықпен айналысты деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады. Бұл жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді.

"Жедел уәкілдер анықталған притоннан ақшалай сыйақы үшін интим қызмет көрсеткен жеңіл жүрісті төрт қызды ұстады. Олардың үшеуі Өзбекстан Республикасының азаматшалары болса, біреуі жергілікті тұрғын болып шықты. Тәртіп сақшылары ұсталғандарды полиция бөліміне жеткізіп, жеңіл жүрісті қыздарды профилактикалық есепке алды", - делінген хабарламада.


#притон #жезөкше #түркістан #полиция 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30