Instagram-дағы Қарағанды патриоты парақшасындағы мәліметке қарағанда, жергілікті тұрғындар түнде айғай-шу мен мылтық дауысын, біреулердің төбелескендігін естіген.Сонымен қатар осы парақшада Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпарат та жарияланған. Онда 20 тамыз күні түнгі сағат 01-00-де Шахтинск орталық ауруханасына пышақ жарақатымен 24 жастағы қала тұрғыны жеткізілгендігі айтылған. «Ол есін жимастан қайтыс болды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 1 бөлімінің «Адам өлтіру» 99-бабы бойынша бергеу басталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр», - деп атап өткен полиция департаментінен.
#спортшы #өлім #қарағанды #шахтинск