USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Түркістан облысында қылмыстық топ 3 жыл бойы мал ұрлаған

  • 12.августа.2020, 16:30,
  • 544

Түркістан облысының полиция қызметкерлері 3 жыл бойы мал ұрлаған қылмыстық топты ұстады.

Облыстық полиция департаменті криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері мамырда жалпы құны 70 миллион теңге болатын 150 ат мен сиырды ұрлаған қылмыстық топты ұстады. 

"Жедел-іздестіру шарасы барысында 6 адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады. Олар 3 жыл бойы мал ұрлаумен айналысқан. Тергеу барысында олардың 19 мал ұрлау дерегіне қатысы бар екені анықталды. Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктілерден 19 жылқы мен 9 сиыр тәркіленді. Шығынның жалпы мөлшері 70 миллион теңгеден асады. 4 күдікті қамауға алынды, 2 күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберілді", - дейді Түркістан облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Құрманбек Сахов.

Тергеушілер қылмыстық топты ұйымдасып әрекет еткенін дәлелдеген. Топтағы әрбір адам өз міндетін жақсы білген. Бірі жайылымнан мал ұрласа, екіншісі оны жасырған, үшіншісі малды немесе оны сойып етін сатқан.

Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің "Мал ұрлығы" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркелді. Іс сотта қаралып жатыр. 



#мал #ұрлық #қылмыс #түркістан 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
30.07.2020
08.07.2020
03.07.2020
26.02.2020
15.11.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930