USD 503.44
EUR 593.35
RUB 6.55
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Астанада бала күтуші үйді тонап кеткен

  • 12.қазан.2020, 09:35,
  • 521

Күдікті ресейлік азамат болып шықты. 

"Полицейлер 36 жастағы Ресей азаматшасын ұстады. Ол асталық отбасында күтуші болып жұмыс істеп, олардың үйде жоқтығын пайдаланып, алтын сақина, әтір мен жалпы құны 400 мың теңге болатын жеке заттарын қолды қылған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің мекенжайын анықтады. Күдікті әйел ұрланған заттарды сатып, Алматыға кетіп қалған, сол жерде ол үй күтушісі болып жұмысқа тұрған", - делінген хабарламада. 

Елордаға әкелінген әйел кінәсін мойындады. Оның бұрын сотталғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұрын елордада жасалған осыған ұқсас қылмыстарға әйелдің қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.



#ұрлық #қылмыс #ресейлік #балакүтуші #елорда #нұр-сұлтан

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Ақпан 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728