Түркістан облысының полицейлері "Сарыағашта вирус себіледі" деп жалған ақпарат таратқан әйелді анықтады.
Әлеуметтік желіде түнгі сағат 2 мен 3 арасында Сарыағашта балаларды ауыртатын вирус себіледі екен, балаларды көшеге шығармасын деп жатыр деген хабарлама таралған болатын. Бұл жалған ақпаратты таратқан әйелді анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде осы ақпаратты таратып, елді дүрліктірген әйел анықталды. Ол Сарыағаш қаласының тұрғыны болып шықты.
Тексеру барысында анықталғандай, әйел бұл хабарламаны тек туыстарының көшеге шықпай отырулары үшін жазып, келініне WhatsApp арқылы жолдаған.
Бұл дерек Сарыағаш АПБ-мен ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша тіркелді.
#жалғанақпарат #әйелұсталды #вирусшашады #түркістан #полиция #қылмыстық іс