USD 537.77
EUR 622.95
RUB 6.65
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мұғалім талапкерге ҰБТ тапсыруға көмектескен

  • 31.августа.2020, 10:27,
  • 337

ҰБТ-да кезекші мұғалім талапкерге тест сұрақтарын көшіруге көмектескен. Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов өзінің Facebook-тегі парақшасында оқиғаның видеосын жариялады. 

"Өкінішке орай, тәртіпті қамтамасыз ететін кезекшінің өзі қылмыстық әрекетке байланысы бар екені туралы фактілер анықталды. Қараңыздаршы, қандай "батырлықпен" сұрақ кітапшасын фотоға түсіріп отырған баланы денесімен жауып тұрғанын.

Кем дегенде оның білім беру саласынан жұмыстан босатылуын, ал одан бетер шара ретінде қатал жауапкершілікке тартылуын талап ететін боламыз", - деп жазған ол.

Сонымен қатар, ҰБТ бейнежазбаларының қорытындысы бойынша, 158 тестіленушінің нәтижесі жойылған. Олардың 97-сі грант иегері атанған болатын, соның ішінде 138 балл алған түлек те бар екен.

Дидар Смағұловтың хабарлауынша, соған орай, әділ тапсырған, бірақ грантқа өтпеген 97 бала 2 апта ішінде грант иегерлері атанып, тіркеледі.

Толығырақ ҰТО парақшасында жарияланады.



#ұбт #тест #мектеп #оқушы #талапкер #дидарсмағұлов 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
28.08.2020
25.07.2019
02.07.2019
21.06.2019
30.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031