USD 511.59
EUR 575.28
RUB 6.33
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Көпбалалы отбасылардан шыққан түлектерге 5 мың білім гранты беріледі

  • 02.июля.2019, 09:00,
  • 643

Көпбалалы және атаулы көмек алатын отбасыдан шыққан түлектерге 5 мың грант бөлінген. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында ҚР білім және ғылым министрі Асxат Аймағамбетов хабарлады.

«Мемлекет тапсырмаларын іске асыру бойынша біздің министрлік 4 іс-шара негізінде жұмыс істеп жатыр. Біріншісі, нысаналы 5 мың грант тағайындау. Бұл гранттар көпбалалы және атаулы көмек алатын отбасыдан шыққан балаларға тағайындалады. Гранттардың қаражаты трансферт арқылы жергілікті әкімдіктегілерге беріледі. Олар өңірдің қажеттілігін ескере отырып, нақты мамандықтар тізбесін анықтап, конкурстық комиссия құрып гранттарды анықтайды. Жалпы, бұл меxанизм бар, заңнамаға енгізілген. Нысаналы грантқа ие болу үшін талапкер ҰБТ-ның шекті балын жинау керек», - дейді Асxат Аймағамбетов.


Түлектер ең алдымен 21-31 шілде аралығында өтетін республикалық конкурсқа қатысады. Өте алмаған жағдайда 5-10 тамыз аралығында нысаналы грантқа бақ сынайды. 


скачать dle 12.0
Фото авторы : sputniknews.kz
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031