«Бүгінгі күні кезекші сыныптарға 1 963 бала жазылды. Оның 1 354 бірінші сыныпқа баратын оқушы», - деді Ләззат Жылқыбаева. Сонымен қатар, спикер кезекші сыныптарға оқушы таңдау туралы айтты.
«Таңдаудың нақты өлшемдері жоқ. Үйде отырған ата-аналардан балалармен бірге болуға кеңес береміз. Мүмкіндігі жоқтар өтініш бере алады. Егер мектепке 20-ға жуық өтініш түссе, балаларды бір сыныпқа отырғызбайды. Сыныптағы оқушылардың саны 15-тен аспауы керек», - деп түсіндірді спикер.
#мектеп #сабақ #сынып #оқушы #білім