USD 447.4
EUR 477.55
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

2019 жылғы ҰБТ: Жоғары балл жинаудың жолдары

  • 30.мамыр.2019, 10:56,
  • 645

2019 жылғы ҰБТ  тапсыру 20 маусым мен 5шілде аралығында өтеді. Түлектер аттестат алу үшін емтихан тапсырып болысымен Ұлттық біріңғай тестілеуінен өтеді.

2019 жылғы ҰБТ  тапсыру 20 маусым мен 5шілде аралығында өтеді. Түлектер аттестат алу үшін емтихан тапсырып болысымен Ұлттық біріңғай тестілеуінен өтеді.

Осы орайда биыл ЖОО түсу жолдары да балл есептелу тәсілі де біраз өзгеріске ұшырады деп жазды, KYN.KZ.   Қазақстан жаңалықтарына. сілтеме жасай отырып.


Бұған дейін жоғары оқу орындары мамандықтардың нақты тізімі бойынша жұмыс істеген. Биылдан бастап оның орнына білім беру бағыттарының классификаторы енгізілді. ЖОО-лар сол бағыттарға қарай оқыту бағдарламаларын даярлап отырады. Гранттар да нақты мамандықтарға емес, білім беру бағдарламасына бөлінеді.


Мәселен, «Математика мұғалімдерін даярлау» тобына «математика», «математика-физика», «математика-информатика» мамандықтары кіреді. Сол сияқты «Ақпараттық технологиялар» тобында «информатика» мен «ақпараттық технологиялар» мамандықтары бар.

Бір топқа мың грант бөлінді дейік, конкурс дәл осы топты таңдаған барлық талапкерлер арасында өткізіледі. Ал грантты ұтып алғаннан кейін талапкер университетке қабылданады да, білім бағдарламасының нақты мамандығын таңдайды.


Мамандықты қалай таңдау керек?


Ұлттық бірыңғай тестілеуден өткен барлық талапкерлерге куәлікпен бірге ақпараттық парақшалар беріледі. Онда бірнеше пайдалы мәлімет болады. Олар:

  • Білім беру бағдарламаларының тізімі;
  • Биыл бөлінген гранттардың саны;
  • Бұған дейінгі конкурстардың нәтижелері;
  • Грантқа өтудің орташа ұпай саны;
  • Аталған мәліметтердің көмегімен грантқа түсу мүмкіндігін сараптап, нақты мамандықты таңдауға болады.

Төрт рет тест тапсыруға болады


Биылдан бастап мектеп түлектері ұлттық бірыңғай тестілеуді төрт рет тапсыра алады. Бұған дейін тестілеу қаңтар, маусым және тамыз айында болатын. Оған тағы бір кезең қосылды.

15-20 қаңтар аралығында (ақылы), өтініштер 1-15 желтоқсанда қабылданады;

24-29 наурыз аралығында (ақылы), өтініштер 1-15 ақпан күндері тапсырылады;

20 маусым мен 5 шілде аралығында (тегін), өтінішті 10 наурыз-10 мамыр кезінде беру керек;

17-20 тамыз аралығында (ақылы), өтініштерді 25 шілдеден 3 тамызға дейін тапсыру қажет;

Ақылы тест бағасы — 2 242 теңге. Оның нәтижесі бойынша тек ақылы бөлімге ғана түсу мүмкіндігі қарастырылған. Ал мемлекеттік грантты алу үшін жазда өтетін тегін ҰБТ-ға қатысу қажет.


Ұпай «ұтудың» жолдары

Қазіргі ережеге сәйкес, тест өткен күні ҰБТ-ның нәтижесі ақпараттық стендке ілінеді. Сондай-ақ, мемлекеттік комиссия оны www.testcenter.kz сайтында жариялайды.

Талапкер тест нәтижесімен келіспесе, тапсырма сұрақтарына қанағаттанбаса, аппеляциялық шағым түсіреді. Арыз-шағымды бірден сол күні, болмаса, келесі күні сағат 13:00-ге дейін тапсыру қажет. Комиссия оны бір күн қарайды. Аппеляциялық шағымның арқасында бір-екі ұпайды «ұтып алған» талапкерлер де болады.


Қажетті ұпай болмаса, не істеу керек?


Талапкер шекті ұпайдың санын жинай алмаса, жоғары оқу орнына шартты түрде түсе алады. Ондайда тек ақылы бөлімде ғана оқуға мүмкіндік бар. Алайда бір семестрден кейін, яғни, қаңтар айында ұлттық бірыңғай тестілеуді қайта тапсыруы қажет.

Қысқы тесттен өткен студент оқуды жалғастыра береді. Ал тесттен өте алмағандарға университетпен қоштасуға тура келеді. Жазда ұлттық бірыңғай тестілеуді тағы тапсырып көруге болады.

 

Дереккөз KYN.KZ

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
05.06.2019
03.06.2019
30.05.2019
30.05.2019
30.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930