23 мамырдан бастап қала тұрғындарына, ұйымдар мен кәсіпорындардың басшыларына, меншік нысанына қарамастан карантин аяқталғанға дейін:
- екі және одан да көп адамның бірлесіп серуендеуі кезінде масканы міндетті түрде тағуға және 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, тұратын жерінен еркін шығуға рұқсат етіледі;
- аулаларға шығуға және саябақтарға, алаңдарға, жағалауларға міндетті түрде маска тағып үш адамнан аспайтын топтармен не бір отбасы мүшелеріне 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып баруға рұқсат етіледі;
- саяжай учаскелеріне бару үшін елді мекенге кіруге/шығуға рұқсат етіледі;
- қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге және қызметі рұқсат етілген нысандарға барған кезде маска тағып, қолғап киіп жүруге және антисептик пайдалану бойынша талаптарды қатаң сақтауы керек;
- отбасылық еске алу, әдет-ғұрып және өзге де іс шаралар өткізуге және мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетуге тыйым салынады;
- кәсіпкерлік нысандар мен ұйымдар меншік нысанына қарамастан карантиндік және шектеу шараларын сақтауын қатаң бақылауды қамтамасыз етеді.