Блок бекеттерде санитарлық-карантиндік бақылау жүргізіледі, қаладан шығуға-кіруге тыйым салынады. Жаңа алгоритмі 13 мамырдан бастап күшіне енді. Алайда төмендегі санатқа кіретіндерге шаһардан кіріп-шығуға рұқсат беріледі:
- қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері;
-
ТЖ режимі алынып тасталғаннан кейін өз жұмысын қайта бастаған ұйым қызметкерлері;
-
карантин аймағына, одан тыс жерлердегі саяжай учаскелеріне (қала сыртындағы үйлерге) бара жатқан азаматтар;
-
медициналық көрсеткіштер бойынша шығатын және келетін адамдар;
-
көктемгі егіс жұмыстарына жіберілген азаматтар;
-
Ақмола облысы Целиноград, Аршалы, Шортанды және Қорғалжын аудандарының тұрғындары;
-
ҚР басқа өңірлерінде тіркелген карантин аймақтарынан шығатын адамдар санитарлық блок бекеттен қажетті құжаттарды толтырғаннан кейін;
-
патрульдік полицияның қатысуынсыз жерлеу мақсатында карантин аймағынан өтетін азаматтар;
-
шетел азаматтары;
-
карантин аймағына немесе карантин аймағынан өздерінің кәмелетке толмаған балаларына бара жатқан азаматтар;
-
карантин аймағына немесе карантин аймағынан сырқат туыстарына күтім жасау мақсатында бара жатқан азаматтар;
-
әуе рейсімен бара жатқан азаматтар;
-
қалпына келтіру жұмыстары және су тасқынына қарсы іс-шараларға көмек көрсету үшін Түркістан облысына жіберілетін азаматтар;
-
азық-түлік және азық-түліктік емес тауарларының жүк көліктері;
-
транзит.