Қарағанды қаласында қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып, тек құрылыс нысандары, ТҚС, шинамонтаждау, көлік жуу орындарына ғана жұмыс істеуге рұқсат етілген. Қарағанды облысының басқа қалалары мен аудандарына келетін болсақ, жеңілдіктер тұрғындарға саяжай учаскелеріне шығуға мүмкіндік береді, қоғамдық көлік жұмысын бастайды, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, сондай-ақ бірқатар қызмет көрсету нысандарының қызметіне рұқсат береді.