Әкімдіктегілердің мәліметінше, 25 мамырдан бастап алаңы 500 шаршы метрден асатын 138 сауда нысанының жұмысына қойылған шектеулерді алу жоспарланып отыр.
Сауда орталықтар аумағында орналасқан азық-түліктік емес бутиктер, сән салондары, химиялық тазалау және мейрамханалар жұмыстарын бастайды.
Олардың жұмыстарына сағат 23:00-ге дейін рұқсат етіледі.
Фуд-корттар ашылуы 2-ші, ал СПА фитнес-орталықтарын және ойын-сауық нысандарын ашу 3-кезең шеңберіне жоспарланып отыр. Олардың ашылу күні қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады және қосымша хабарланады дейді.
"Қоғамдық тамақтандыру нысандарына келетін болсақ, 25 мамырдан бастап, қоғамдық тамақтандыру нысандарының жазғы алаңдарын қоса алғанда, жалпы саны шамамен 27 мың адамды құрайтын 3100 кәсіпорын жұмысын бастайды. Олардың жұмысының негізгі шарты көрші столдағы отырған келушілердің арақашықтығы кемінде 2 метр болуын қамтамасыз ету және 1 столға 4 адамнан, бір отбасының мүшелерін айтпағанда, отырғызу болып табылады. Қоғамдық тамақтандыру нысандарының жұмысы сағат 23:00-ге дейін рұқсат етіледі", - делінген хабарламада.