Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және облыс әкімдеріне, денсаулық сақтау басқармаларының басшыларына шетелден Қазақстанға келген барлық адамды екі күнге дейін карантиндік ауруханада оқшаулануын қамтамасыз ету тапсырылды.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыс әкімдері төмендегі талапты қамтасыз етуі тиіс:
- ойын-сауық, спорттық және басқа қоғамдық шараларға, отбасылық, еске алу іс-шараларына тыйым салынады;
- сауда орындары мен ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және көп адам жиналатын басқа да нысандардың қызметіне тыйым салынады;
- діни обьектілердің қызметіне тыйым салынады;
- әскерге шақырылған азаматтар әскери бөлімдерге келгеннен кейін ПТР әдісімен COVID-19 зертханалық зерттеуінен өтуі тиіс;- қоғамдық орындар, өндірістік аумақтары, әуежайлар, тұрмыстық ойын алаңдарда санитарлық және дезинфекция жұмыстары жүргізілуі тиіс.
Жеті күн ішінде COVID-19 вирусының таралу деңгейі 7 пайыздан аспаған кезде, төмендегі талап жүзеге асырылуы тиіс:
- Тұрғындардың тұрғылықты жерінен еркін шығуына рұқсат беріледі. Бірақ
екі немесе одан да көп адам серуендегенде міндетті түрде маска киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтауы тиіс;
- Саябақтарда, алаңдарда, жағалауда серуендеуге рұқсат беріледі. Алайда онда үш адамнан немесе бір отбасының мүшесінен аспауы тиіс. Олар арақашықтықты сақтауы керек.
- Аулаға шығуға рұқсат беріледі (Алайда онда үш адамнан немесе бір отбасының мүшесінен аспауы шарт. Олар арақашықты сақтауы керек);