USD 504.34
EUR 556.34
RUB 5.97
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Шымкентте карантин режимі ұзарды

  • 25.мамыр.2020, 10:00,
  • 524

Шымкенттің бас санитар дәрігері карантинді 8 маусымға дейін ұзарту туралы қаулыға қол қойды.

"COVID-19 инфекциясының тарауына байланысты, халық арасында коронавирус инфекциясының одан әрі таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:


1. Шымкент қаласының барлық аумағында карантин және шектеу шараларын 2020 жылғы 25 мамырдағы 01 сағат 00 минуттан 2020 жылдың 8 маусымындағы 00 сағат 00 минутқа дейін ұзарту.


2. Шымкент қаласының тұрғындарына, ұйымдарының, кәсіпорындарының басшыларына меншік нысанына қарамастан карантин аяқталғанға дейін:


1) екі және одан да көп адамның бірлесіп серуендеуі кезінде масканы міндетті түрде киюмен және кемінде екі метр қашықтықты сақтаумен тұратын жерінен еркін шығуға рұқсат етіледі;
2) аулаларға шығуға және саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға үш адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелеріне бетперде тағып, екі метрден кем емес қашықтықты сақтай отырып баруға рұқсат етіледі.;
3) саяжай учаскелеріне (қала сыртындағы үйлерге) бару үшін елді мекеннен кіруге/шығуға рұқсат етіледі);
4) қоғамдық орындарға, соның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге және қызметі рұқсат етілген объектілерге барған кезде маскаларды, қолғаптарды киіп жүру және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау;
5) мерекелерді ұйымдастыру жөніндегі отбасылық, естелік, әдет-ғұрып және өзге де іс-шаралар мен қызмет көрсетулерді өткізуге тыйым салынады.;
6) кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдар меншік нысанына қарамастан, персонал мен келушілердің карантин талаптары мен шектеу іс-шараларының сақталуын қатаң бақылауды қамтамасыз етсін", - делінген қаулыда.

скачать dle 12.0
Фото авторы : harpersbazaar.kz Авторы:
Тағы да оқыңыздар:
18.05.2020
15.05.2020
11.05.2020
28.04.2020
14.04.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930