Бірақ сол материалдарды сараптасақ, митинг болды деп айту дұрыс емес шығар.Себебі, көбінесе жекелей адамдар тарапынан ғана наразылық айтылған. Не бір топ адамды, не бір саяси топты, не ұйымдасқан халықты көрген жоқпыз.
Полиция қызметкерлері мен арнайы жасақ тарапынан біршама заң бұзушылықтарды да байқаған болатынбыз. Атап айтқанда, кейбір ұсталғандарға арнайы автобустың ішінде полиция тарапынан электр есеңгіреткіш қолданғаны байқауға болады.
Сонымен қатар, аялдамада автобус күтіп тұрған біршама жазықсыз адамдарды да алып кеткенін байқадық.
Жоғарыда көрсетілген жағдайға ұқсас, анасы үш қызымен тұрған кезде, бір қызын алып кеткені жөнінде, көптеген БАҚ таратқан болатын. Соның нәтижесінде, қоғамда үрей пайда болып, сыни көзқарас көбейгенін байқауға болады. Көңіл аударатын жәйт, сайттар мен әлеуметтік желіде ақпарат таратылғанда, жасөспірім деп айтылған болатын. Ал ресми ақпаратқа сүйінсек, ол қыз бала – 2000 жылы туылған екен.
Кейбір блогерлер болса, тіптен осыны пайдаланып, «хайп» көтергісі келген. Соның арқасында таңымалдылығын артыру деген ой болған шығар.
Әрине, полиция жасақтары тарапынан да біраз басқа шикіліктер болды, оны ешкім даттамайды.
Бірақ, кез келген жаңалықты салмастан бұрын, оны жетік тексерген жөн екенін айту керек шығар. Одан бөлек, кез келген жағдайда «Тиынның екі жағы бар», - дегендей, екі жақты қарастырған жөн.
Сөзсіз, қыз бала полиция қызметкерін итерген (Tengrinews.kz сайтының YouTube каналынан) , мүмкір олар осы қылықты арандату деп санаған шығар. Бірақ полиция да адамдарды ұстамастан бұрын, не үшін, қандай себептен болғанын ескерткен жөн.
Жалпы айтқанда, былық көп. Ал қаншама осы секілді өткен шаралардан кейін не өзгерді, қалай жағдай дұрысталды?! Ештеңе...
Сонда бәлкім, өзімізден бастаған дұрыс шығар?! Қалай айтылса да, әрбір адам өзіне бір қорытынды шығарған шығар. Сондықтан, кез келген ақпаратты жетік тексеріп, жан-жақты ойлау қажет секілді.
#митинг, #Нұр-Сұлтан, #Аблязов, #ДВК, #полиция