USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Арыс тұрғындары қайда және қалай эвакуациялануда

  • 24.июня.2019, 12:00,
  • 623

Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлім қоймасында болған жарылысқа байланысты қала тұрғындары эвакуацияланып жатыр. Бұл жайында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов айтты.

«Арыс қаласы әкімінің өкімімен халықты Арыстан  50 шақырым жердегі Монтайтас ауылдық округіне эвакуациялау жүргізіліп жатыр. Бұл үшін 20 автобус жұмылдырылды. Сонымен қатар халықты көшіру үшін Шымкент қаласының әкімдігі 36 автобус жіберді. Шымкент қаласында 15 эвакуациялау бекеті құрылды. Қазіргі уақытта Арыстан 17 бала жеткізіліп, Самал-3 шағынауданындағы Назарбеков атындағы №87 мектепке орналастырылды», - деді ол.


«Төтенше жағдайды жою жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ», - деді ол.


Ал Түркістан облысы әкімдігінен мәлім еткендей, қала тұрғындарын эвакуациялау үшін 3 лагерь ұйымдастырылды:

1. Ақдала бұрылысы;

2. 41 разъез;

3. Су қоршауы.


«Барлық үш бағыт бойынша әскери көліктер, қосбілікті камаздар, арнайы отрядтар қозғалады. Оқиға орнына жеткеннен кейін тұрғындарды аудан әкімдері қарсы алып, орналастыру лагерьлеріне бөледі.

Барлық әлеуметтік нысандарды (балалар, ауруханалар) полиция қызметкерлері эвакуациялайтын болады.

Айта кетерлігі, Бөген су қоймасына ешқандай қауіп жоқ, тиісті мамандар жағдайды бақылауға алып отыр.

Сонымен қатар Отырар мен Ордабасы аудандарында 100 орынға арналған қосымша госпитальдар тігіліп, 30 жедел жәрдем көлігі жұмыс істеуде», - делінген әкімдік ақпаратында. 

скачать dle 12.0
Фото авторы : inform.kz
Тағы да оқыңыздар:
25.06.2019
24.06.2019
24.06.2019
24.06.2019
24.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930