USD 447.4
EUR 477.55
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Неге адамдар өз өмірлерін өзгертпейді

  • 10.июня.2019, 08:30,
  • 900

Біздің қоғамға сана мен ой-өрісінің өзгеруге қажетті шарттар мен шешу жолдарын ұсынамыз. 

Көбінесе адам белгілі бір жағдайда өзін өзгертуі керек деген оймен келіседі, алайда ҚАЛАЙ өзгеруі керек екенін білмейді.

Шын мәнінде, фотоларда «Біздің өнім арқылы жақсы арықтауға болады» деп артық салмақ пен фигураларына байланысты проблемалар көрмеген қыздар жарнамаға түседі, «мен бәріне тек өзімнің еңбегім арқылы қол жеткіздім» деп басында ата-ананың ақшасы көмектескен адамдар интервью береді, «сен барлығына қарамастан өзіңді қолға ал» деп депрессияда болған адамға депрессияның не екенін білмейтін адамдар кеңес береді, оны қалай жеңуге болатынына байланысты құнды кеңесі де болады.


Мен, мысалы, теледидарда үйді жөндеу туралы бағдарламаны көріп, құрылысшыларды дәл сондай дизайнмен үй жөндеуін жасап беріндер деп талап еткен адам туралы естіген болатынмен. Теледидарда үй жөндеуі 40 минутта аяқталды. Ал шын өмірде осы шыдамсыз адамға ламинатты төсеу үшін ең алдымен еденді түзету керек, сыланған қабырға екі күн бойы кебуі керек деп түсіндіру үшін көп уақыт пен күш кетеді... Ал осының барлығы  - уақыт, нәтижеге жету үшін қадам қадаммен жылжуға тура келеді, барлығын бір уақытта істей алмайсын.

Психологиялық жұмыста да осылай. Нейрондық байланыстар бір мезетте қалыптаспайды, біртіндеп қалыптасады. Барлығы «бұлшықеттердің жаттығу кезінде залда емес, жаттығулар арасындағы демалыста қалыптасатыны туралы» естіген шығар. Нейрондар да  - олар да ағзаның жасушалары, олар бір мезетте өспейді. Ол үшін жұмыс істеу керек, жаңа мінез-құлық тәсілдерін жаттықтыру қажет.


Ал неге шынымен адам өзгермейді? Әдетте жүйелі деңгейдегі үш себеп бар :

  1. Адам өзгеру керектігін білмейді;
  2. Қалай өзгеруі керек екенін білмейді;
  3. Өзгергісі келмейді.

 

Бірінші жағдайда адамның сәйкес келетін өмірлік тәжірибесі болмайды, сондықтан басқа нәрселермен салыстыра алмайды. Адам басқаша өмір сүре алатынын білмейді. Өзінің құқықтарын қорғай алатынын да білмейді.

 

  • Бұл мен үшін емес, Маған оны істеуге болмайды. Осы жағдайда адамның өміріне деген көзқарасын өзгерту үшін айтарлықтау уақыт керек болады.

 Мысал ретінде белгілі бір діни қауымнан отбасылық зорлық көрген әйелдерді келтіруге болады. Ұрып соғылған, тірі орны қалмаған әйел көмек сұрап келгенде – баралығы түсінікті, оны емдеу керек, баспана мен әлеуметтік көмек керек. Алайда қатаң фундаменталист қауымында өскен әйел, қамқорлыққа ие болып, өз-өзіне келген әйел, көмек көрсетіп жатқан волонтерлардан қашып кететін жағдайлар болады, бұрыңғы жағдайға қайтқысы келеді. Жиірек – зорлық көрсеткен күйеуіне қайтқысы келеді. Жоқ, ол есі ауысқан әйел емес, Ол басқа өмірді көрмеді, жаңа өмірде қалай өмір сүре алатынын білмейді де, елестете алмайды да. Өмірінде көп нәрсені өзгертуі керек болады – іс жүзінде басқа адам ретінде қалыптасуы керек, ал қажыған сауатсыз әйелде осындай әрекеттерге ресурсы жоқ.

 

Сондықтан адам өзгерістер туралы ойлардың өздерін болдыруға жол бермейді.

Қалай өзгеруі керек екенін білмейді

 

Дәл не істеу керек екенін түсінбейдіӨзгеру әдістеріне, техникаларына қол жеткізе алмайды, қасында тәлімгері жоқ. Көз алдында тек «өзгерістердің алдында» және «өзгерістерден кейінгі» суреттер ғана пайда болады. Ал өзгерістерге қалайша қол жеткізгені туралы білмейді.

 Өзгерістер жолында пайда болатын қиындықтар туралы, шын мәнінде қанша уақыт пен күш керек екенін білмейді. Өзгерістерден кейінгі әдемі суреттер ғана.


Ал осындай адам үшін өзгерістер  - бел байлаған нар тәуекел сияқты.

  • Өзгерістерге ресурс жоқ. Күш, энергия, уақыт, ақша, білім.

 

Көптеген адамдар осындай деңгейде өмір сүреді, барлық күшін күн көріс үшін жұмысайды, ал даму, алға жылжу немесе өзгеру үшін мүмкіндік те, энергияда қалмайды. Осы жағдайда ақырғы дем алып жатқан адамды түрткілемей («басыңды көтер, оян!»), өзгерістердің пайда болуы мүмкіндігінің өзі пайда болуы үшін, оның өмір сүру құрылымын басқаша қалыптастыру қажет.


Өмірлік күшін күнделікті күн көріс сұрақтарына емес, ресурстарының азғантай ғана бөлігі өсім мен дамуға табылса екен. Ал бұл әрқашан – ұзақ, қиын және жүйелі жұмыс.


Өзгерістер, ол тек «алға бас, өзгер!» деу ғана емес екеніне түсінікті болғанына үміттенемін. Бұл одан қиынырақ.

Сондықтан жеке адамның зиянды әдеттен арылу ниетін алсақ та, қоғамның жоғары деңгейге көтерілу тұрғысынан алсақ та, өзгерістерге тек жүйелі жұмыс істеу арқылы ғана қол жеткізуге болатынын жеткізгіміз келді.



Редакция ойы автордың пікрімен тұспа-тұс келмеуі мүмкін

скачать dle 12.0
Авторы:
Тағы да оқыңыздар:
24.06.2019
20.06.2019
16.06.2019
10.06.2019
30.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930