Біздің құндылықтармыз бен мінез-құлықтың қалыптасуында елеусіз әсер ететін қарапайым заттардың қаншалықты маңыздылығы зор екенін әрқашан атап өтемін. Ол үшін көп сөз бен көп ақыл айтуға болады, бірақ жоғарыда аталған қарапайым бір заттың өзі белгілі бір маңызды нәрсеге үйрену үшін жеткілікті болады. Бүгін сізбен өзім куәгер болған бір кішігірім оқиғамен бөліскім келеді.
Қамқорлық пен сыйлық тартудан рахаттану
Мен жас ананың кішкентай ұлын қамқорлық пен сыйлық тартудан қалайша сүйсінуге болатынын сүйсініп беруді рахаттануды үйреткенін көрдім.
Бір күні саябақта серуендеп жүргенде үлкен ағаштың қасында жайғасқан жас ана 3 жасар ұлын байқадым.
Кішкентай бала жан-жағына сүйсіне қарап, бірденелерді дауыстап жүрді.
Жас ана өзімен бірге әр түрлі дәмді тағамдарды алып келді. Осындай дәмді тағамдардың арасынан ол пластикалық контейнерге салынған үлпілдек бәліш алып шықты. Кішкентай бала бәлішті көріп қатты қуанды. Анасы баласынан бәліштің қандай бөлігін алғысы келетінін сұрады. Ол салмасы көп бөлікті көрсетті.
Баласына ең дәмді бөлікті бере отырып, анасы: «ал маған ше, қандай бөлікті бересін», - деп баласынан сұрады
Бала салмасы онша көп емес, бәліштің шетіндегі бөлікке көрсетті.
Сонда жас әйел баласына өзінің дәмді бәлішпен бөлісуді ұсынды. Кішкентай бала бәлішті арқасының артына тығып, бәлішпен бөліскісі келмеді.
Сонда анасы былай деп оған айтты: «Сен менімен бәлішпен бөліссен, мен қатты қуанамын. Қобалжыма, мен кішкентай ғана бөлігін ауыз тиемін.»
Ұлы бөліскісі келмесе де, бәлішін анасына берді. Кішкентай ғана бөлігін алып, анасы бәлішті аузына салды. Осы мезетте таң қаларлық нәрсе басталды!
Анасы осындай кіп-кішкентай бәліштің бөлігін қатты сүйсініп жегенін көрсетті. Ұлына бәлішпен бөліскені үшін, анасы қатты қуанғанын, бақытты болғанын өз бейнесімен көрсетті.
Кішкентай баласы анасына таң қалды. Баланың бетінде шаттық көрінісі пайда болды. Оған анасының сүйсінгені ұнағаны соншалық, енді бәліштің үлкен бөлігін берді. Бәрі қайталанды. Сол кезде бала басқа тәттілерді сумкадан шығарып, анасын тамақтандырғысы келді...
Ал анасы баласының қылығына сүйсініп, жомарттылық, игілік пен мейірімділік үшін ризашылығын білдірді.
Анасы баласының қылықтарына сүйсіне бергеннен, баласы одан сайын анасын қуантқысы келді...
Шынымен қарапайым нәрселер ғой?
Қарапайым болғанымен, терең және өте маңызды мән бар…
Кішкентай ғана қалыптасып келе жатқан ер азаматты қамқорлық пен сыйлық тартудан рахаттануға үйретудің әсерлі тәсілдердің куәгері болдық.
Парасатты болуға, жанданған қарым-қатынас орнатуға ешқашан кеш емес.