Дегенмен, осы ұйым құқық қорғаушы бағытында жұмыс атқарғанымен, болған оқиғада, өзінің нақты позициясын көрсете алмады. Одан бөлек, аналардың қауіпсіздігін де ұйымдастыра алмағаны өкінішті.
Атап айтқанда, экстремисттік ұйым деп танылған «Қазақстан демократиялық таңдау» мүшесі аналарға шабуыл жасап, қол көтеріп, дөрекілігін көрсетті, соққыға жықты. Онсызда ашынған көп балалы аналар, сол еркектен физикалық түрде қысым көрді. Бір ананың жағына сол жігіт жұдырықпен соғып, КМБПЧ мүшелері үндемей, түк істей алмай қарап тұрғаны аландатып, көптеген күмән келтіреді.
Ендігі кезекте, ҚДТ мүшелері өздерінің аналарға деген көзқарасын барлық бұқара халыққа көрсеті деп айтуға болады.
Одан бөлек, сол жерде «Азаттық» және бірқатар басқа БАҚ өкілдеріне қарсы да өрескел жағдай туды. Камералар мен басқа құрал-жабдықтар сынып, ұрланып кеткен. Бұл әрине бассыздық. Дегенмен, осы әрекетке не итермеледі?! Неліктен кейбір әйелдер, оларға қарсы шығып наразылық танытты?!
Негізінен, «Азаттық» тілшілері әрдайым өздерінің артық және орынсыз сұрақтарымен мазалайды. Сөзсіз, журналистика әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ кей-кезде де сабырлы болған жөн. Егер бір шиеліністі түсіріп тұрса, үндемей іске асыруға болады. Ал олар, кедергі келтіріп, онсыз қызып тұрған топты, одан сайын қоздырып жібереді.
Сондықтан, КМБПЧ мен ҚДТ ұйымдары өздерінің Қазақстан халқына деген көзқарасын дәлелдеді. Осымен олар халыққа деген ешқандай құрметтілік жоқ екенін аңғартты.
Нәтижесінде айтарымыз, «жылтырғанын барлығы алтын емес».