"Құқық бұзушылыққа "мүлдем төзбеушілік" қағидатын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі еліміздің жоғары оқу орындарын тексеру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. "Астана" университетіндегі жоспардан тыс тексеру нәтижесінде аталған білім беру ұйымында қолданыстағы талаптарға сәйкес келмеген мәселелер анықталды. Университетке қабылдау ережелері, студенттерді ауыстыру және қайта қабылдау тәртібі, емтихан өткізу және емтихан сессиясының қорытындысы бойынша құжаттар жүргізу тәртібі бұзылған. Сонымен қатар, аралық бақылау жүргізу кезінде Академиялық саясат сақталмаған", - деп жазды ведомство Facebook-тегі парақшасында.
Министрлік аталмыш университетке анықталған кемшіліктерді жою үшін 1 қыркүйекке дейін мүмкіндік беріп отыр.
"Тексеру нәтижесінде, айыппұл салу және білім беру қызметіне лицензияның қолданылуын тоқтату туралы қаулы шығарылды. Бүгінгі таңда қаулы заңды күшіне енген жоқ. Университетке 2019 жылдың 1 қыркүйегіне дейін анықталған барлық бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Нұсқама орындалмаған жағдайда іс сотқа жіберіледі. Тоқтату туралы қаулының шығуы универистеттің білім беру лицензиясы алынды деген сөз емес. Белгіленген мерзімге дейін кемшіліктер жойылса, тоқтау туралы қаулы күшін жояды", - дейді ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ерболат Мұхаметжан.