USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

ЖОО ректорларын тағайындау тәртібі неге өзгерді

  • 20.августа.2019, 17:30,
  • 541

Қазақстанда ЖОО-ның ректорларын тағайындау тәртібі өзгерді.

Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook желісіндегі парақшасында жазды.


"Мемлекет басшысының Жарлығымен ұлттық ЖОО-ның ректорларын тағайындау тәртібі өзгерді. Меніңше, бұл маңызды шешім. 2008 жылдан бастап ұлттық жоғары оқу орындарының ректорлары ҚР Президенті тағайындалып келді. Бұл шешім сол кездегі ірі жоғары оқу орындарына басқару және академиялық дербестік беру қажеттілігінен туындаған болатын. "Назарбаев Университеті" ДББҰ жұмысының мысалында ұлттық университеттердің жұмысына Білім және ғылым министрлігі тікелей араласпауды көздеді", - деп жазды министр.


"Ректорларды конкурстық негізде тағайындау нәтижесінде қандай артықшылықтарға қол жеткіземіз?


Біріншіден, ашық конкурс. Бұл кезеңде ректор лауазымы кандидатурасы талаптарына сәйкес келетін кез келген адам конкурсқа қатысуға өтініш бере алады.


Екіншіден, айқындылық. Барлық кандидаттар тиісті ЖОО-ның Бақылау кеңесінде әңгімелесуден өтеді.


Үшіншіден, бағдарламалар сайысы мен бәсекелестік. Бұдан әрі, Білім және ғылым министрінің төрағалығымен республикалық комиссия үміткерлері ұсынып отырған "Жоғары оқу орындарын дамыту бағдарламалары" жобаларын қарастырады.


Төртіншіден, қоғам алдындағы жауапкершілік.


Мемлекет басшысының тапсырмасы сөзсіз жүзеге асырылатын болады. Өз тарапымыздан, өткізілетін конкурстардың айқындылығы мен адалдығын қамтамасыз ету үшін бар күшімізді саламыз", - деп жазды білім және ғылым министрі.

скачать dle 12.0
Фото авторы : 24.kz
Тағы да оқыңыздар:
13.08.2019
06.08.2019
01.08.2019
25.07.2019
02.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930