USD 520.39
EUR 609.58
RUB 6.63
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

3 мың білім гранты қайта үлестіріледі - БҒМ

  • 01.августа.2019, 18:30,
  • 583

Білім және ғылым министрлігі талапкерлер арасында иемденбеген үш мың білім грантын үлестіреді.

Ол үшін министрлік қаулыны өзгерту керек. Құжат жобасы осы апта ішінде әзірленбек.


"3 мыңға жуық иемденбеген грант қалды. Кейбір мамандықтарға үміткерлер болмады, бөлінген гранттар иесіз қалды. Бұл гранттар үкіметтің қаулысында жеке атап айтылған. Ережеге сәйкес, оларды қазір үлестіре алмаймыз. Сондықтан қаулы өзгертілгеннен кейін грантсыз қалған талапкерлер арасында үлестіріледі", - деді білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова.


Министрліктің айтуынша, иемденбеген гранттарға арнайы құжаттар тапсырудың қажеті жоқ. 


"Бұл "Серпін" бағдарламасының ауыл шаруашылығы бағытындағы квоталық орындар. Олар иемделінбей қалды. Оларды техникалық мамандықтарға ауыстыру үшіне үкімет қаулысы өзгертілуі тиіс", - деп қорытындылады ол.



скачать dle 12.0
Фото авторы : 365info.kz
Тағы да оқыңыздар:
01.08.2019
25.07.2019
16.07.2019
02.07.2019
30.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031