USD 537.77
EUR 622.95
RUB 6.65
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Наурыз айындағы ақылы ҰБТ тапсыру басталды

  • 10.наурыз.2021, 15:19,
  • 366

Қазақстанда университеттің ақылы бөліміне түсу үшін наурыз айындағы ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Ол бірінші рет электронды форматта өткізіліп отыр. 

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, тестілеуді өткізу кестесіне сәйкес, бүгін - 10 наурызда еліміздің 12 аймағында ҰБТ өтіп жатыр. Ал Нұр-Сұлтан қаласы мен Батыс Қазақстан облысында тестілеу 12 наурызда, Атырау, Қарағанды және Павлодар облыстарында 15 наурызда басталады.


Наурыздағы ҰБТ-ның сертификаты жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне түсуге жарамды.

Тестілеудің онлайн көрсетілімі ұйымдастырылды.


Бұған дейін көктемгі тестілеу 10 күн ішінде өткізілетін, бұл жолы оған қатысушыларға бір ай уақыт беріледі. Әркім ҰБТ тапсыруға ыңғайлы уақыт пен орынды таңдай алады.


Пәндердің саны өзгеріссіз қалады - үшеуі міндетті, екеуі арнайы. Тестілеуге 4 сағат (240 минут) беріледі. ҰБТ-ға қатысушылар ең көп дегенде 140 балл жинай алады.


ҰБТ тапсыру үшін мына сілтеме арқылы тіркелуге болады.

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031