USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Кафедегі жарылыстан қайтыс болған әйелдің жақындарына ақша беріледі

  • 23.қараша.2020, 16:04,
  • 366

Кафедегі жарылыстан қайтыс болған әйелдің жақындарына 1 млн теңге беріледі. 

Есіл ауданы әкімінің орынбасары Дәрменияр Қыдырбекұлы елордалық кафедегі жарылыстан қаза тапқан адамның туыстарына көмек көрсетілетіндігін айтты. 

Марқұмның туыстарына 1 миллион теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, марқұмның денесін Қызылорда қаласына әуе тасымалы арқылы жеткізуге көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, әкімдік қажетті құжаттарды алуда да жәрдем береді, деп хабарлады әкімдіктегілер.


Айта кетсек, 21 қарашада түстен кейін Нұр-Сұлтан қаласындағы кафелердің бірінде газ баллоны жарылды. Жарылыстан зардап шеккендердің бірі оқиға орнында көз жұмды. Тағы 23 адам әртүрлі дәрежедегі күйіктермен ауруханаға жеткізілді.

Арнайы комиссия оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Елорда әкімі Төтенше жағдайлар министрлігі мен полицияға қаладағы басқа қоғамдық тамақтану орындарының өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын тексеруді тапсырды.



#халалброзерс #жарылыс #өрт #газбалон #тж #нұр-сұлтан #елорда 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
21.11.2020
03.08.2020
17.06.2020
03.12.2019
24.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930